+3 дауыс
6.0k көрілді
Кішкентайымда көп сөйлейтін, өзімді ешкімге ренжіткізбейтін, пысық, ашық едім...Қалай мектеп бітірдім, содан бері көп ойланатын, ашық ештене айтпайтын, сеп серьезный ))) болдым. Әйтеуір бірдене ойлап жүремін. Неден болуы мүмкін ?

7 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Джока,оған бола алаңдаудың еш қажеті жоқ,оның үстіне өзгеріс жақсы жаққа қарай ғой,солай емес пе?Бұл негізі дені сау,дұрыс жетілу үстіндегі адамдарға тән табиғи құбылыс.Адам бала кезде көп нәрселерге мән бермейді де соның арқасында ашық сөйлей салатын,жеңіл мінезділеу болады,ол әрине кешірімді де.Байқасаң үлкен адамдар бір нәрсеге көңілі толмағанда:
-"Не болды,бала болып кеттің ба?"- деп жатады,сол балалық шақтың шалалығын меңзегені.Жас қосыла келе әрнәрсені пайымдағыш бола бастайсың,ойланып екшеп сөйлейтін боласың,бұрынғыңа қарағанда салмақтылық,байсалдылық пайда бола бастайлы.Ол өмір заңы.Негізі адамның ақыл-ойы үнемі даму ,өсу үстінде болады,ол қалыпты құбылыс.Сондықтан сендегі байсалдылық ақылдылықтың белгісі,оған қуану керек.
керемет жауап.
+6 дауыс

Сарапшылардың ойынша, ғаламтор халықты аянышты егеуқұйрықтарға ұқсатып жібереді. Әлеуметтік қоректі емсеп отыратын олар, адам қалпын жоғалтады. Ақпараттың көптігі миди тарылтып, ойлау қабілеті төмендейді. Жақындағы зерттеу көрсеткіші бойынша, британдық қызметкерлер өздерінің  электрондық почталарын сағатына 30 рет қарап шығады екен. Әрбір келіп жеткен мағлұмат, адам ағзасында допамин гармонын бөліп, рақатқа бөлейтін болып шықты.Ғалымдарды алаңдататыны көңілдің жиі бөлінуі адамның ойлану қабілеті мен концентрациясына зиян келтіреді. Ал мұндай жағдай адамның мінезінің өзгеруіне себепшы болады.

Осындай нақты, толық жауаптарды көргенде қуаныштан төбем көкке жетпей кетеді! ))) Рахмет!
Өте тамаша,пайдалы жауап айтылған екен.
онда қазір осы СЖ да отырған адамдардың барлығының да мінездері өзгерген болып шықты ғой, сонда?
+4 дауыс
Көп әуреленбе! Бұл өтпелі кезең ғой... Кейін организм толыығымен жетілген соң бәрі орынына келеді
+4 дауыс
Ойлана бер. Ойлана бер.
+4 дауыс
адамға қоршаған орта, ата анасы, достары,болса мұғалімі мінез қалыптасытруға әсер етеді деп ойлаймын
+4 дауыс
Коршаган ортага, когамга байланысты..........=))
0 дауыс
айналаңдағы адамдарға байланысты!
...