Джока,оған бола алаңдаудың еш қажеті жоқ,оның үстіне өзгеріс жақсы жаққа қарай ғой,солай емес пе?Бұл негізі дені сау,дұрыс жетілу үстіндегі адамдарға тән табиғи құбылыс.Адам бала кезде көп нәрселерге мән бермейді де соның арқасында ашық сөйлей салатын,жеңіл мінезділеу болады,ол әрине кешірімді де.Байқасаң үлкен адамдар бір нәрсеге көңілі толмағанда:
-"Не болды,бала болып кеттің ба?"- деп жатады,сол балалық шақтың шалалығын меңзегені.Жас қосыла келе әрнәрсені пайымдағыш бола бастайсың,ойланып екшеп сөйлейтін боласың,бұрынғыңа қарағанда салмақтылық,байсалдылық пайда бола бастайлы.Ол өмір заңы.Негізі адамның ақыл-ойы үнемі даму ,өсу үстінде болады,ол қалыпты құбылыс.Сондықтан сендегі байсалдылық ақылдылықтың белгісі,оған қуану керек.