+1 дауыс
1.0k көрілді
Арнайы дарынды балаларға арналған мектептің оқушыларына атақ-дәрежесі Қазақстанға белгілі профессорлар сабақ береді, олар соңғы технологиялармен сабақ оқытады, түстен кейін арнайы сабақтардан қосымша дәріс алады, көптеген ғылыми жобаларға қатысады, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі балалармен білімімен додаға түседі сол оқушылардың кәдімгі балалармен бірге пәндік олимпиадаға қатысып, алдыңғы орынның бәрін алып кетуі әділдік пе?

Менің ойымша әділ сияқты , бірақ көбі менің тұжырымыма келіспейді.
Сұрақтың жабылу себебі: Мұңай ағайдың жауабы қанағаттандырды.

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Әділ емес. Дарынды балаларға арналған мектептердегі сабақ кестесінен бастап, оқыту методикаларына дейін бөлек болады. Соларды алып келіп, жай мектеп балаларымен жарыстыру - профи спортшылар мен жай спортшыларды жарыстыру сияқты. "Балаға берілетін білімнің бәрі бірдей" дерсіз, бірақ сол білімді алуы, балаға жеткізілуі  әртүрлі ғой. Мектептердегі мұғалімдер бәлен сағатпен жүріп, тәрбие жұмысымен де айналысып, олимпиадаға бала дайындап та үлгеріп жатады. Ал, арнаулы мектептерде бәрі басқаша, оларда бәрі ұйымдастырылған.  Сондықтан, жай мектеп пен дарынды балаларға арналған мектеп оқушылары арасында жарыс, олимпиада бөлек болуы керек.
тым болмаса бір адам осыны айтар-ау деп кутіп отыр едім....рахмет...Өте дұрыс айттыңыз
Мұңал жақсы жауап бердi, әдiл емес. Олимпиаданы ұйымдастыру жүйесi дұрыс емес деп ойлаймын.
Белгісіз
Ұйымдастыру мәселесі, орын бөлісу  - бұл бір үлкен тақырып. Қазір көп жерде "бармақ басты, көз қысты" болып кеткен.
+2 дауыс
Арнайы, дарынды балаларға арналған мектепте оқыса да, кәдімгі қарапайым мектепте оқыса да білім барлық жерде бірдей. "Мектептің сыртына (атағына) қарап таңдама, ішіндегі біліміне қарап таңда" деген екен бір кісі...)
Дарынды балаларға арналған арнайы мектептің баласының білімі - қарапайым мектепте оқитын баланың білімінен кем болуы мүмкін. Арнайы мектепте оқитын дарынды балалардың, кәдімгі балалармен бірге пәндік олимпиадаға қатысып, алдыңғы орынның бәрін алып кетуі - әділдік!!!
Рас әділдік бірақ кәдімгі мектеп оқушыларының уйшаруасы қосымша болады уй тазалау, көмек, жәрдем, той, садақа, т.с.с. жұмыстар олардың алаңдайтын нәрселері көп.Ал, интернаттағы балалар тек сабақ, сабақ!
Дұрыс айтасыз, Аяулым!) Сізбен толықтай келісемін...)
Аяулымы кім?
+1 дауыс
<s>Елдіңпікірінбілугебағытталған</s> болса да өте орынды сұрақ.Ғаламдық проблема)
<br>
Тұжырымыңа жартылай келісемін.... Неге дерсіздер?
- Әрине әділ болар. Өз еңбектері/білімі/т.с.с. _____ Бірақ,  қарапайым мектеп оқушыларының білімге ынтасы түсіп кетері анық. Ауқымды интеллектуалды/физикалық жарыстарға қатысушылардың көп пайызы ЖАЙ м/о. болып келетін  етіп жасаса...Яғни, Жетпіс те отыз.
- Екінші ойым:  Жарысты екі "кварталға" бөлсе. Біреуінде тек МЫҚТЫЛАР өзара таласса ...біреуінде тек ПРОФИ ЕМЕС МЫҚТЫЛАР. (Оқушылар) болса....екі жақ та мәз. Екі жаққа да сыйлық/грамота/диплом бұйырар ма еді. -*деппін*...
ия жақында 1күн бұрын сол олимпиадаға қатыстым олимпиадаға барлығы 782 оқушы қатысты барлық орынның саны 145орын болса сол 145тің 75ін арнайы дарынды балаларға арналған мектеп интернаты алса, 12сі экономикалық лицей интернетының оқушылары алды , бар жоғы 52орын қалған 51мектептің үлесіне тиді...неткен әділдік өз-өзмізді минусқа дейін түсіріп тастадық
Кеттім Б.Жұмағұловқа лимонмен шағым хат жазуға...)     ____ Минус барлық жерде бар-ақ..қайткен күнде де жұбанар жайымыз да бар. Сондықтан, тыныш қана байқап отыру қалды.Бәрі алда. Бәрі....
ничео олар мықты болса мен оларданда асып тусуім керек....тек тауымыз шағылды 500ден астам оқушы уйне басын төмен түсіріп қайтты..мен сияқты...бірақ олардың бізден артық ештеңесі жоқ...Қаласақ бізде тау қопарамыз!
неткен тұнып тұрған сенімділік десеңш. неткен жігер-күш/қайрат десеңш...жарайсың.Іске сәт.
+1 дауыс
Әділдік. Ал егер сол дарынды баланы сіздің орта мектептің оқушысы жеңіп кетсе ше? Керемет абыройы асқақтайды емес пе. Бірде бізде солай болған. Мұғалімдер арасында конкурс болды. Сонда Қазақ - Түрік лицейінің мұғалімі дымсыз қайтқан.
ия ия ол рас бірақ  олимпиадада қарсыласың мықты болған сайын, оны жеңуге деген ынта күшті болады....
сол күйі жеңбей кетсем ?! - деп әуреленетіндерге не айтасың
Обай лицейдің оқушылары қатысады екен дегенді естігенде қатысушылар дайындықты күшейтуі мүмкін да. Ал егер жеңімпаз атанса Тау қопарғандай қуанып, рахаттанар.
алдын-ала қорқу, өз-өзіне сенімсіздік, қобалжу, психологиялық соққы*
...