Әділ емес. Дарынды балаларға арналған мектептердегі сабақ кестесінен бастап, оқыту методикаларына дейін бөлек болады. Соларды алып келіп, жай мектеп балаларымен жарыстыру - профи спортшылар мен жай спортшыларды жарыстыру сияқты. "Балаға берілетін білімнің бәрі бірдей" дерсіз, бірақ сол білімді алуы, балаға жеткізілуі әртүрлі ғой. Мектептердегі мұғалімдер бәлен сағатпен жүріп, тәрбие жұмысымен де айналысып, олимпиадаға бала дайындап та үлгеріп жатады. Ал, арнаулы мектептерде бәрі басқаша, оларда бәрі ұйымдастырылған. Сондықтан, жай мектеп пен дарынды балаларға арналған мектеп оқушылары арасында жарыс, олимпиада бөлек болуы керек.