Махаббат Шахановша айтқанда "Кез келгеннің уысына түспейтін, кез келгеннің бақшасында піспейтін" керемет, адам өмірінде тек бір рет қана берілетін ең ұлы, ең тәтті, ең мұңлы сезім. Махаббат Алла Тағаланың бізге берген ең керемет сыйларының бірі. Бір ойшыл айтқан екен "Бұл өмірде қанша адам, қанша жүрек болса, махаббаттың сонша түрі бар" деп. Махаббатты әркім өзінше түсінеді, тек сол жүрегімізге ұялаған сезімімізді бағалай, қадірлей білсек, сол сезімді өшірмей, өмір бойғы азық етіп, сақтай білсек... Махаббат деген сөзді екі ауыз сөзбен түсіндіре алсақ қой, махаббаттың құдіреттілігі осы болар, оның қандай сезім екенін ешбір теңеу жеткізе алмас-ау. Өзімізді бақытты санайық, жүректерімізде махаббаттың бар екеніне, бір жанды құлай сүйе алатынымызға, мейлі ол жауапсыз болсын, өйткені ғашық болу кез келгеннің қолынан келе бермейді, "Құлай сүю ерлікпен тең себебі!"