0 дауыс
15.0k көрілді
Психолог мамандығы туралы айтсаңыздар,бұл мамандық жақсы ма?әлде...Бұл мамандықты оқу үшін ЖОО-дары барма?
Салем достар! Мен казир 10сыныпты буйырса битиремин енди маган ата-анам 10 битресин деп отыр. Соган байланысты мен психолог болам деп шештим . Коледж окып  вышыйды сырттай окып алсам деген ойым бар. Кандай жаксы оку орындары бар. тагы баска  Кандай жаксы мамандаыктар бар даригер мен мугалимнен баскаа.

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Психолог мамандығы өте жақсы мамандық, мен өзім психология мамандығын тәмамдадым (ҚазҰУ - бакалавр, магистратура дәрежесі). Алайда Қазақстанда психологияны жақсы оқытады деп айтпас едім. Егер нағыз практика-психолог болып шыққың келсе, университетте алған біліміңе қоса, біраз тренингтерден өту қажет, бұл психологтарға қойылатын басты талап. Ал бұған қаржы мен шетелге шығу қажет болады. Егер жүрегіңмен қалаған мамандығың психология болатын болса, мен саған бакалаврды Қазақстанда оқып, магистратура не докторантураны шетелде оқыған абзалырақ деп кеңес берер едім.

Қазақстанда психологияны тәуір оқытады-ау дейтін өзі үш университет қана біріншісі ҚазҰУ және АГУ, кейін Қайнар (бұл университет көбіне практикаға бағытталған). ҚазҰУ-де жақсы теория алып шығасың, егер өз бетінше көп ізденетін болсаң, алайда бітіре сала жұмыс табу қиынға соғады.

Не дегенмен, психологияны ұнатып түскен дұрыс дер едім, өйткені көп студенттер оны жеңіл мамандық деп есептейді, әлбетте олай емес, өйткені психолог болу үшін сен мамандықты ғана емес, сонымен бірге, тұлғалық қасиеттеріңді де бірге дамытуға тиісті боласың.
+1 дауыс
Керемет мамандық. Маған ұнайды,адамдармен сөйлесіп, оларға жол көрсетіп,ақыл айтып сауап жинаған жақсы ғой
+1 дауыс
Дәл қазіргі уақытта бұл мамандықтын мәні кеткен. Себебі бұл мамандыққа екінің бірі түсе береді. Жеке менің ойым психолог тіл байлығы мол, өзгені тыңдай білетін, жөнімен ақыл айта білетін,жанашыр,сыпайы,саналы адам болу керек. Байқап отырсаңыз мектептерде психологтар өз жұмыстарын атқармайды да. Оқушылармен тілдеспейді,тесттер алмайды,жалпы психолог жүреді мектепте,бірақ бары да байқалмайды. Алайда жаның қалаған, жүрегін қалайтын,өзіне жақын мамандық болса ЖОО-да бұл мамандықты оқытады.
+1 дауыс
Менин оиымша психолог мамандыгы оте керемет мамандык,осы алдымыздагы омиримиз тикелеи психологтармен баиланысты болады деп оилаимын!Психолог-адамнын жанын аитпаи тусину керек.Мен озимде психолог болгым келеди!
0 дауыс
психолог мамандыгы жаксыгой жогарыда айтып кеткендей ар адаммен сырласасын билгенинди айтасын билмегенинди уйренесн коп теген билимдилик кажет жане жан жакта болган дурыс себеби неше турли адам жолыгады.  егерде сен кус жайлы билгин келсе кус сиякты уш сонда билесин. мине жай гана шагын накты мысал. жаксы мамандык биракта не болсада шын конилмен
...