+2 дауыс
339 көрілді

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Сағыныш,алдымен антивирус деген не соған тоқталайық анти деген қайтару қарама-қарсы деген антивирус яғни вирусқа қарсы деген сөз.Ноутбугтың вирусын тазаласаң  вирус шаң тозаң немесе кесек, тас емес тазалағасын ұшып шығатын,
Компьютерлік вирус — арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа "ауру жұққан" немесе "бүлінген" деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да "жұғады" және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды (мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т. с. с.). Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге "вирус жұққандығы" бастапқы кезде байқалмай қалады.
Сенің айтып тұрғаның куллерге шаң тозаң толған сол шыққан болу керек менің түсінуім бойынша
+1 дауыс
жоқ әрине ол тек вирустардан тазартадығо егер сенің наубугің жанынан шаң шықса онда сенің наутбугіңнің іші шаңға толғанғо....
+1 дауыс
Ноутбугың қай жылғы? 80-90? әлде 60?
50 уақаа   әрине заманауи
әзіл болсын дегенімғой))))
...