0 дауыс
17.6k көрілді

2 жауап

0 дауыс
Түркеш
қағандығы

Түргеш қағанаты
(704-756 жж.) Түргештер дулы тайпа құрамының
ішіне жатады, түргештердің өзі - қара
және сары түргеш болып бөлінгені
белгілі. (Кейбір тарихи деректер бойынша,
"сары" және "қара" деген тайпа
бөліктері этниқалық емес, саяси
жағынан қарастырғаны жөн. Демек, Сақал
қаған болған кезде түргеш кағанаты екіге
бөлініп кетеді. Біревінде Сақал өзі қаған
болған, ал екіншісінде халықты басқарған
Сулық. Сақалға бағынатын халықты "сары
түргеш" деп атаған, ал Сулыққа бағынған
халықты - "қара түргеш".)

Түргеш қағанаттың
саяси өмірі тарихта Орта Азияға
шапқыншылық жасаған арабтармен
тығыз байланыстырады. 7-ғ. бас кезінде
Араб түбегінде Араб мемлекеті қалыптасты.
Ислам мемлекеттік дінге <wbr>айналады.
Осы дінді таратушы Мұхаммед 632 ж.
қайтыс болғаннан кейін, арабтар ислам
дінін тарату үшін жаулаушылық соғыстар
бастады.

Арабтар Орта Азияға
жаулауы басталған кезде, Қазақстан
мен Орта Азияның басым бөлігі
Батыс Түркі қағанаты қол астында
болды. Арабтарға қарсы күресте
Жетісуда өкімет басына келген түргештер
болды. Оның негізін салған Үш-еліг қаған
(699-706 жж.). Оның ордасы Шу бойындағы Суяб
қаласы болды. Екінші (кіші) ордасы Іле
өзені жағасындағы Күнгіт қаласында орналасты.
Үш-еліг-қаған елді 20 түтіктікке (еншілікке)
бөлді, оның әрқайсысының 7 мыңнан әскері
болды. Үш-еліг-қаған Қытай империясымен
және Согд мемлекетімен саяси бірлестік
құрып, арабтарға қарсы күреседі.

Түргеш қағанатында
Үш-елігтен кейін оның мұрагері болып,
баласы Сақал-қаған (706-711) таққа отырады.
Оның кезіңде Түргеш мемлекетінде ішкі
бірлік болмайды және қағанат үнемі арабтармен,
қытайлармен күрес жүргізіп отырды. Түргеш
қағанаты Сулық қаған (715-738) тұсында күшейді.
Оның тұсында түргештер екі майданда күрес
жүргізді. Батыстан арабтар, шығыстан
Тан әулеті кұш көрсетті. Елшілік жолымен
(неке байланысы) және әскери шаралар арқылы
Сулық шығыстан келетін қатерді болдырмады.
Бұл жағдай түргештердің батыста белсенді
әрекет етуіне мүмкіндік туғызды. 723 жылы
Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен
тізе қосып, түргештер арабтарды жеңеді.
Сулықты арабтар Абу Мұзахим (Сүзеген)
деп атайды. 737 жылы Сулықты өз қолбасшысы
Баға-Тархан өлтіреді.

Оның қазасынан
кейін "сары" түргештер мен "қара"
түргештер арасында өкімет билігін
алу үшін күрес басталды. 746 жылы
Жетісуға Алтай мен Тарбағатайдан
қарлұқтар келіп қоныстанады. Арабтармен,
сондай-ақ өзара қырқыстардан әлсіреген
түргештер қарлұқтарға белсенді қарсылық
көрсете алмайды. Мұны Қытай империясы
пайдаланды. Оның Шығыс Түркістандағы
уәлилары 748 жылы өз әскерін Суяб қаласына
аттандырады да, оны басып алады. Шаштың
иесі дарға асылады. Оның баласы арабтардан
көмек сұрап келеді. 751 ж. Тараз жанындағы
Атлах қаласы маңында арабтар мен қытай
әскері арасында зор шайқас болады. Шайқас
бес күнге созылады. Шешуші сәтте қытайлардың
ту сыртындағы қарлұқтар көтеріліс жасап,
арабтар жағына шығады. Қытайлар толық
жеңіледі. Тан әскері Жетісуды, Шығыс Түркістанды
тастап кейін шегініп кетеді. Арабтар
Шашқа қарай кетеді. Бірақ ішкі қырқыс
Түргеш мемлекетін әбден тұралатып тастады.
756 жылы түрік тілді қарлұқ тайпаларының
әрекетінен түргеш мемлекеті құлады.

Түркі тілді көшпелі, жартылай көшпелі тайпалар Батыс түркі қағанаты орнына 4 бірдей құдыретті мемлекет орнатады. Хазар қағанатын қоспағанда, Төменгі Еділ өңірі мен Солтүстік Кавказда, Қазақстан жерінде үш этникалық-әлеуметтік бірлестік пайда болды: ырдың бойын, орал өңірін Оғыз мемлекеті, ал Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында, астанасы орта ертісте болған Қимақ мемлекеті дүниеге келді. Батыс түркі қағанаты орны Жетісуда - арлұқтар қалды.
0 дауыс
Ыдырау себебі керек