0 дауыс
7.6k көрілді
Едіге есімі қандай мағына береді? Едіге есімінің толық мағынасын білгім келеді?

1 жауап

+1 дауыс
Ежелгі түркі есімдері
Едіге («жақсы»), Ораз («байлық, сәттілік»), Манас («Сұмдық алып»), Бөкей («батыр, мықты»).
Сәбиге ат қоюдағы салт-дәстүр Негізінен, қазақ халқын-да балаға ат қойғанда ата-аналардың арқа сүйейтін ең басты он бес салт-дәстүрі бар. Олар:
1. Балаға артық сауса- ғына қарай ат қою. Есімдері: Артық, Артықәлі, Артық-бай, Қосекен.
2. Балаға тіл-көз тимейді деген ниетпен ат қою. Есімдері: Жаманбай, Қойшыбай, Ошақбай, Тезекбай. 3. Баланың дені сау, жаны берік болуы үшін ат қою. Есімдері: Тасболат, Тастемір, Шымырбай.
4. Баласы шетіней бер- ген үйде жас сәбиге ат қою. Есімдері: Аман, Аман-күл, Есен, Жүрсін, Тоқтар, Тұрсын, Тұрсынкүл т.б.
5. Бала-шағаларының өмірі ұзақ болсын, көп жасасын деген ниетпен ат қою. Есімдері: Жанұзақ, Жүзбай, Жүзжасар, Мыңжа-сар, Өмірбек, Сексенбай, Тоқ- санбай, Ұзақбай.
6. Бұрын-соңды болған қару-жарақ аттарына бай- ланысты ат қою. Есімдері: Қылышбай, Мылтықбай, Найзабек, Садақбай, Шоқ-парбай т.б.
7. Елдің ардақты аза-маттарының атын солардай батыр, дана, өнерлі болсын деген ниетпен жаңа туылған балаға ат қою. Есімдері: Абай, Абылай, Ғабит, Жәнібек, Иса- тай, Қазыбек, Махамбет, Сә- бит, Сәкен, Сырым, Төлеби, Ыбырай т.б.
8. Ерекше көзге түскен белгілеріне қарай ат қою. Есімдері: Анарбай, Қалдыгүл, Қалдыбай, Құдірет, Меңдібай, Меңдігүл, Сүндет.
9. Ислам дінінің әсеріне байланысты ат қою. Есімдері: Ғали, Жамал, Зылиха, Иса, Мұхаммед, Омар, Оспан, Сүлеймен, Хадиша.
10. Қыз аттарына аспан әлемінің, аңдардың, асыл тастардың, қымбат мата- лардың, нәзік өсімдіктер-дің атын қою. Есімдері: Ай- ман, Алтын, Еңлік, Жібек, Жұлдыз, Күміс, Құралай, Мақ- пал, Меруерт, Раушан, Шолпан, Шынар т.б.
11. Мерзімінен бұрын дүниеге келген балаға ат қою. Есімдері: Лекер, Шалабай, Шалабек. 12. Мұрат-мақсатыма жеттім-ау деген ниетпен ат қою. Есімдері: Арман, Ба-қыт, Мақсат, Мұрат. 13. Соңғы балаға ат қою.
Есімдері: Кенжебай, Кенже-гүл, Кенжетай.
14. Төрт түлік мал, аң мен құстарға байланысты ат қою. Есімдері: Арыстан, Аюбай, Бота, Ботагөз, Бүркіт, Қойшыбай, Сандуғаш т.б.
15. Ұлы жоқ үйде қыз туғанда ат қою. Есімдері: Болған, Тойған, Ұлбала, Ұлтуған, Ұлмекен, Ұлбосын, Ұлтуар, Ұлжан, Ұлту т.б.
Басқа халықтан сіңісіп кеткен есімдер Қазақ халқының салты бойынша, балаға үш күннің ішінде ат қойылуға тиісті.
Бұл да бұлжытпай орындалатын заң. Жасыратыны жоқ, халықтардың бір-бірі- мен ыстық қарым-қатынасы-ның нәтижесінде және сол ұлттың, ұлыстың әдебиеті мен тарихын оқып, білудің нәтижесінде кейбір есімдер бір-біріне ауысып, сол
халықтың бірқатар есімдері біздің төл есімдерімізге де айналып кеткені қашан.
Әсіресе, қазақтарда ежелгі түркі, араб, Иран есімдері көп. Олардың кейбірі мынандай: Ежелгі түркі есімдері
Едіге («жақсы»), Ораз («байлық, сәттілік»), Манас («Сұмдық алып»), Бөкей («батыр, мықты»).
Араб есімдері
Абылай («ата, әке»), Аи-да («сыйақы, пайдалы»), Әсел («бал»), Әмина («сенімді»), Асхат
(«бақытты, сәтті»), Ғазиза («сүйікті, қымбатты»), Ғани («бай»), Данияр («жақын,
таныс»), Динара («күміс ақша»), Жамал («әдемі, тартымды»), Қадір («құрметті»),
Қайрат («күшті, қуатты»), Мәлік («патша»), Мұхит («мұхит, қоршаған орта»), Мұхтар («ерекше, таңдамалы»), Рәзия
(«сүйікті, тартымды»), Сәбит («нық, сенімді»).
Иран есімдері
Айдана («ақылды, дана»), Айнагүл («таза, мөлдір»), Ахан («темір»), Бақтияр («ба-қытты, қалаулы»), Бибігүл («Гүл шашқан ханым»), Да-на («данышпан, ақылды»), Жәния («нәзік жанды»), рау- шан («көрнекті, ашық-жар-қын»), Рүстем («батыр, ер-жүрек»).
Бұрындары қазақ халқында біріккен сөздерден тұратын, яғни, әрбір сөз, есімнің бірінші әрпін бір-біріне қосып қойылатын есімдер де болатын. Солардың бірі – МЭЛС. Ол Маркс, Энгельс, Ленин, Сталин деген есімдердің бірінші әрпінен тұрады. Сон- дай-ақ, қала аттарымен (Ирак, Бағдат) балаларды атау да орын алды. Құдайға шүкір, қазір балаларын орысша атау (Мила, Света, Тимур) да тиылды.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
1 жауап
...