0 дауыс
136k көрілді
Мақалды мәтелден қалай айыруға болады?

5 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Мақалдың мен мәтелден айырмашылығы, мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдереді, яғни жазылатын ой толық болады мәтелге қарағанда, және бұл кейде өсиет, пікір ретінде жазылады. Мәтел ишара түрінде, ой толымсыз түрінде жазылады, мысалы Айласыз батыр алдырар. Ал егер Ауырып ем іздегенше, Ауырмайтын жол ізде дейтін болсақ мағынасын ап анық түсінесің
+3 дауыс
Мақал - түсінікті тілде жазылған, тікелей айтылған мақалдар. Мысалы, күлме досқа келер басқа, ашу - дұшпан, ақыл - дос, ақылыңа ақыл қос, адамды досына қарап таны, жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Мәтел - түсінігі қиындау, астарлы тілмен айтылған мәтелдер. Мысалы, Оң көзіңе  Сол көзің қарауыл болсын, Жыланның уы басында, Бейқамның жауы қасында, Алажағым кетсе де, Айташағым кетпесін, аузы күйген айранды да үрлеп ішер, Бір кісі мың кісіге олжа салар, Ер мойынында қыл арқан шірімес, Екі жарты – бір бүтін.
+3 дауыс
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады.
<br>
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады.
<br>
Менің ойсыз  ойымша, мәтел біраз қысқа да түсініксіз болып көрінбек. Мақалдың мәні/ұйқасы болса, мәтел өте қарапайым және "аяқталмаған" күйде жазылмақ. Яғни, сөздердің құрылу тәртібінен ажырата аласың... <s>ойыңқұрысын
0 дауыс
енді ұқтым рақмет
0 дауыс
Мақал тоқсан ауыз мәтел ишара түрінде
...