Іздегенде табылатын касыңнан
Көңілі бар кызгалдактай ашылган
Кориспесек сагыныштан жүдейтін
Кім бар жакын бала кунгі досыңнан
Досым менің бәйшешектей гул шашқан
Досым менің актарылып сыр ашқан
Досым менің ажыраспай көп жылдар
Қос өзендей катарласып бірге аққан
Тусіне білген адамга достық қымбат
Бірге ойнап кулген жастық қымбат
Ал егер досы жоқ адам болса
Ол адамга өмірдің несі қымбат
Досым,саган сенемін,сеніп өтем,
Жолы бөтен демейін,жөні бөтен
Достық деген -адамның көрігі екен,
Достық деген- адалдың серігі екен
Өмір деген өсіп тұрған гүл емес пе,
Сол өмірдің нағыз гүлі біз емес пе
Әрбір жан ДОСТАРЫМЕН бірге болса,
Өмірдің ең қызығы сол емес пе!
Достық туы мәңгілік көкте жайнар,
Арадағы адал сезім оттай қайнар.
Жүректі тербетіп достық махббат,
Пендені сезімге жіпсіз байлар.
Жалындасын достық алауы
Желбіресін мәңгі достық жалауы
Сол емеспе ең тәтісі өмірдің
Сол емеспе жүректінде қалауы!
ДОСЫМА
Жаныма жалғыздық көп тиіседі,
Жансарай-сырға толы мүйіс еді.
Тағдырдың тоғыз жолды торабы бар,
Жолымыз енді қашан түйіседі.
Бұл күнде өзіңді ойлап жабығамын,
Өзіңді сәт көрмесем сағынамын.
Өмір де осыменен қызық екен,
Амалсыз жазғанына бағынамын.
Жаныңның жылуына мен табындым,
Кетсең де арасында сен сағымның.
Өзіңмен мен біргемін, өйткені әркез,
Жанымнан әрқашанда сен табылдың.
Ақкөңіл ниетіңмен жүректесің,
Бір мектеп екеумізді түлеткесін.
Мәңгілік өмір жолы бірге болып,
Ешқашан арамыздан қыл өтпесін.