+4 дауыс
304 көрілді
Мысалы, мен айтар едім дружба предлагать дегеннің орнына уық ұсыну деген секілді қызық элементтер болса деп.
Осы жерге пікірлеріңізді үйіп-төгіп қалдырыңыз.Пікірін айтатындарды жақсы көреміз.

1 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Мади қалаймын,армандаймын. Негізгі ұстанымы өз халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүр,менталитетінен  алыстамай, қазіргі өркениеттен қалып кетпейтіндей болса деймін. Осы Сұрақ- жауап сайтынан көп үміт күтемін. Қазақ инетінде бұндай көп аудитория жинаған сайттар жоқтың қасы. Енді осыны құртып алмай,не болса соны тықпаламай, салиқалы сұрақ,сындарлы жауаппен дамыта берсек оған жететінімізге, жүдә болмағанда негізін қалай алатынымызға сенімдімін. Әттең сұрақтарға салмақты, ешқандай даусыз жауап берер мамандар, өмір көрген тәжиербиеді адамдар жетіспей жатыр. Жастар көбінесе жеңіл қарайды,"есебімді шығарып берші", "былтыр тастап кеткен жігітіммен қайта жүрейін ба?"- деген сұрақтармен ұзаққа бара алмаймыз. Енді бір есі кіріп ақыл тоқтатқан буын бар арамызда,олар жақсы жауап,тамаша сұрақтарымен сайт қозғалысына өте зор,пәрменді үлес қосып жүрген топ. Кейде солардың өзі сайт мақсат,мүддесін ұмытып аймаққа бөлінуге,рушылдыққа,саясат тықпалаушылыққа ұрынып жатамыз."Көш жүре келе түзеледі"-десекте, өзіміз ақылға келіп.бір жағадан бас,бір жеңнен қол шығара білсек жақсы әлеуметтік желінің ауылы алыс емес деп ойлаймын. Оған кешегі кириллицада Қазақ доменін алғанымызда септігін тигізер деп сенемін.
...