+1 дауыс
18.6k көрілді
компьютерге ең қажетті программа,кандай?

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Жаңа Windows орнатылғаннан кейін, кез-келген адамға міндетті түрде компьютерге ең қажетті программаларды орнату қажет, онсыз орнатылған Windows системасы жұмысын дұрыс атқармайды.

«Компьютерге ең қажетті программалар» түрлерін бүгін қарастыратын боламыз. Жалпы, компьютерлік программаларсыз қазір Windows системасында жұмыс істеу мүмкін емес. Осы аталатын компьютерлік программалар кез-келген компьютерде болуы тиіс. Windows системасын орнатып болғаннан кейін, программалар орнатуға кірісеміз.

Eset nod 32 антивирусы

1) Ең қажетті программа, ол әрине — Антивирус программасы. Интернетте вирустар секунд сайын пайда болатын себептен, Антивируссыз күн көре алмайсыз. Өзіме ұнайтын Антивирус — ол ESET NOD 32.  Тағы да «Kaspersky Antivirus» деп, аталатын антивирус бар, бірақ, осы Антивирустың маған ұнамаған жері, ол — компьютердің «память» модулін көп жейді, сондықтан да компьютерде ауытқулар болып отырады.

Winrar программасы

2) Екінші кезекте тұрған программа — Winrar программасы немесе Архиваторлар деп, аталады.

Интернеттегі кездесетін басты формат түрі, осы программаларды (Winrar, WinZip, 7Zip...) файлдардың өлшемдерін азайту мақсатында қолданады. Осы жерде мен өзіме 2 программа түрін таңдап алдым, олар — WinRar және 7Zip программалары. WinRar программасы тез жұмыс істеп қана қоймай, әдемі интерфейсімен көзді алады.

3) Үшінші орында тұрған компьютерлік программа, ол —  Nero Express программасы, осы программа арқылы CD немесе DVD дискіге кез-келген мультимедиалық информациялар жазуға болады. Nero Express — Nero программасының құрамына кіретін программа, былай қарайтын болсақ бұдан басқа да өте көп программалар бар, бірақ ешкім де Nero программасына жетпейді деп, ойлаймын, міне суретте программа интерфейсін көруге болады:

Nero программасы

4) Төртінші орында тұрған программа, ол —  Microsoft Office программасы. Программа құрамына — Word, Excel және де басқа компоненттер кіреді. Көпшілік қауым осы программамен қолданады, неліктен? Өйткені, барлық компоненттерде әдемі де түсінікті интерфейс бар, программаның үлкен мүмкіншіліктері бар:

Microsoft Office программасы

5) Келесі біз кодек пакеттерін орнатуға кірісеміз.  Кодектер іішіндегі ең атақтысы және көп кездесетін, ол — K-Lite Codec Pack пакеті. Сізде сұрақ туады, бұл кодек не үшін керек?, деген...

Бұл кодек  фильм көру үшін, музыка тыңдау үшін керек кодек, сондықтан да маңызды программа түріне жатады.

6) Сізге Windows Media Player программасы ұнамайтын болған жағдайда, AIMP программасын қолдануға болады, себебі барлық интерфейс түсінікті де ұғуға оңай. Егер де Сіз музыка тыңдағанды жақсы көретін болсаңыз, онда осы программаны міндетті түрде орнатыңыз. AIMP программасы — музыка тыңдауға арналған проигрыватель. Міне программа интерфейсін де көруге болады:

Aimp программасы

7) Жетінші орында тұрған керек программа, ол — Adobe Reader программасы. PDF форматын ашатын бұл программа арқылы, қызықты да пайдалы интернеттен жазылған журналдарды оқып, көре аласыз. Және де осы программадан басқа Windows орнатқаннан кейін DirectX, Net Framework деп аталатын программарды орнатуыңыз ықтимал:

Adobe Reader программасы
+1 дауыс
Әрине Анти-Вирус:D
+2 дауыс
Ең бастысы компьютерге қажетті бағдарлама ол Операциялық Жүйе.... Әрине ол болмаса компьютер жұмыс жасамайды... Содан кейін барып Антивирус.. Әрі қарай әр-түрлі бағдарламалар...
+1 дауыс
Мен Антивирус деп ойлайм.онсыз компьютерде жұмыс істеу қиындау болады...
+1 дауыс
агтивирус деп ойлаймын
...