Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I Заңында шыққан, және ол кейінгі деп аталмайды,
Жалпы анаңыздың жазбасы бірінші болып жарияланса, тіркеу жүргізбестен-ақ заңды иесі болып саналмақ. Бұл жерде сіздің анаңыздың құқықты. Бұл туралы жоғарыда аталған заңда:
> *9-бап. Авторлық құқықтың пайда болуы. Авторлықтың
> ақиқаттылығы*
> *Ғылым, әдебиет және өнер туындысына авторлық құқық оның жасалу фактiсiне қарай туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшiн туындыны тiркеу, туындыны өзге де арнайы ресiмдеу немесе қандай да болсын шарттылықты сақтау талап етiлмейдi.* -делінген
-
Ал жауапкершілікке келсек:
*Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 155 Кодексінен*
________________________________________
ҮЗІНДІ:
________________________________________
> 129-бап. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу
> 3. Адамдардың шектелмеген тобының қол жеткізуіне мүмкіндік беру мақсатында авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін интернет желісінде орналастыру арқылы заңсыз пайдалану, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, –
> ескерту жасауға әкеп соғады.
> 5. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер,–
> авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркіленіп, жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға – отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға бір жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осы жөніндегі тиісті орындарға хабарласа отырып шағым жасауыңызға болады.
*Бірақ көп жағдайда бізден авторы екендігімізді дәлелдейтін құжаттар талап етіп, ұялмай, жасаған ұрлығына кінәлі сезінбей тұратындар бар. Ондайларды заң аясында сотқа арыздану арқылы сабаларына түсіруге болады екен -дейді Мәліметтер.org сайтының админі (happy) *
Сондықтан бірінші жолы ескерту жасай салдырғаның артық болмас)