0 дауыс
16.7k көрілді
ертенгі (14 ақпан)дінтану сабағына керек еді

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Буддизм
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет


Будда


Статуя Сиддхартхи Гаутамы в Бодх-Гае, Индия.


Әлем елдерiндегi буддалық тұрғынның пайызы
Буддизм - [санскритше - buddha күнәдан арылған, әулие] - дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам үстанады. Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі б. т. Ол діни шығармалар жинағы "Трипитакада" ("Даналардың үш қат қауашағы") баяндалған. Буддизмнің уағыздарының өзіне тән ерекешеліктері бар.Буддизмде дүниені жаратушы қүдай жайындағы идея айтылмайды. Буддизм фәни өмірдің азаптары - ауру, кәрілік, өлімнен қүтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті - нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен қүтылу керек. Ол үшін төрт хақиқатты білу қажет:
өмір - азап;
азап нәпсіден туады;
нәпсіні ауыздықтаса, азаптан қүтылады;
нәпсіден қүтылудың төрт сатысы бар:
жүректің оянуы;
ниет, ақыл, ойды түзету;
мінез-қүлықты түзету;
адамға ғана емес, бүкіл жан иелеріне деген рақымшылыққа, махаб- батқа жету (аһимса - адамға, тіршілік иесіне жамандық жасамау, соның бірі көрінісі).
Аһимсаны жүзеге асыру үшін Буддизм Веданы жоққа шығарады. Будда ілімінде этика мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Буддизмнің негізіне қоршаған ортадан бөлінбей қарастырылатын жеке адамды дәріптеу және болмысты бүкіл дүниемен байланысып жатқан ерекше психологиялық процесс ретінде қабылдау принциптері алынған. Буддизмдегі негізгі ең ірі бағыттар - хинаяна және махаяна. Буддизм өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу - өлу ай- налымынан қүтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б.з.б. V ғ. - б.з. басы); екінші, бодхисаттава - қүтқару- шы көмегімен қүтылу; үшінші, махая- на (б.з. V ғ.-ына дейін) кезі. Махаяна не- гізінде будда (ісөкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (V ғ.-дан кейін). Ол ваджраяна деп аталады. Азияның көптеген елдерінде Буддизм қазіргі кездің өзінде қоғамдық және жалпы мемл. өмірге елеулі ықпал етіп отыр. Бүл елдердің бірқатарында Буддизм мемлекеттік дін болып есептеледі. Империалистер Буддизмнің ықпалын ескере отырып, бүл дінді өзінің реакцияшыл саяси мақ- саттарына пайдалануға тырысады. Соңғы он жылдықта необуддизм неме- се метабуддизмнің бірқатар жаңа ба- ғыттары пайда болды. Қазіргі уақытта будда үйымдары Азия елдерінде эр түрлі әлеуметтік рөл атқарады. Олардың кейбіреулері отаршылдыққа қарсы, үлттық тәуелсіздік үшін күреске белсене қатысуда. Біздің елімізде будда ламаиттердің ізін қуушылардың шағын топтары Қалмақ, Бурят, Тува АССР-лерінде түрады. Буддизмң көзқарасына дүниеден безушілік, жеке даралық тән. Қанаушы қоғамда байлық, күш, өкімет кімнің қолында болса, соған жалбыры- ну жер бетіндегі азап шеккені үшін күнәдан қүтқарады деп түсіндіреді. Сондықтан адам өткінші, жалған өмір сүретін мысал денесін ойламай, мәңгі өмір сүретін жанын қүтқарудың қамын ойлауы керек. Бүл - қанаушылармен келісуді уағыздайтын Буддизм діннің реакциялық жақтарынан бірі. Ол дінді қабылдаған елдердің өміріне едәуір ықпал жасады. Буддизмң таралуы синкретикалық мәдени комплекстердің қүрылуына эсер етті. Бүлардың жиынтығы будда үйымы - 1950 ж. қүрылған буддашылардың дүниежүзілік бауырластығы.
[өңдеу]Буддизм және саясат

Бір- біріне белгілі бір қатынастағы әлеуметтік феномендер. Буддизмнің қоғамдық өмірге және адамның өмірлік міндеттерін анықтауы тікелей осы діни сеніммен тығыз байланысты. Оның аса маңызды ережесі түрмыс пен азап шегуді үқсастыруында. Буддизм қоғамдық қатынастарды өзгертуге, оны жақсартуға күш салмайды. Ол адамдарға қауымдастықтың мүшелері ретінде жақсы күйде көрінуі үшін түзелуге міндеттемейді. Буддизм адамды өзі туған, өмір сүріп отырған әлеуметтік шындықтан алшақтатуға тырысады. Осы орайда, буддизмде әлеуметтік док- тринаның барлығын шартты түрде ғана мойындауға болады. [1]
көп рахмет сізге
Белгісіз
Метиска оқасы жоқ!
Жауабым ұнаса,жақсы жауапты басарсың Метиска,әрқашан көмектесеміз саған!
әрине...........
Белгісіз
0 дауыс
Будда діні — б.з.б. 6 ғасырда Будда негізін қалаған философиялық және діни наным. Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болған. Будда діні кезінде Оңтүстік Үндістан жеріндегі Шри Ланкадан бастап солтүстікте Сібірге, батыста Еділ өз. бойына дейін тараған. Будда діні басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша Будда дінін 1 млрд-қа жуық адам ұстанады. Будда діні фәни өмірдің азаптары — ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті — нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек. Ол үшін төрт хақиқатты білу қажет: 1) өмір — азап; 2) азап нәпсіден туады; 3) нәпсіні ауыздықтаса — азаптан құтылады; 4) нәпсіден құтылудың төрт сатысы бар: а) жүректің оянуы; ә) ниет, ақыл, ойды түзету; б) мінез-құлықты түзету; в) адамға ғана емес, бүкіл жан иелеріне деген рақымшылыққа, махаббатқа жету (аїимса — адамға, тіршілік иесіне жамандық жасамау, соның бір көрінісі). Аїимсаны жүзеге асыру үшін Будда Веданы жоққа шығарды. Себебі Веда уағызы бойынша құрбандық шалу дәстүрінен мал көп сойылушы еді. Веда ілімі бойынша жан иесі үш болмыстан тұрады: жан, әркімнің өзіндік қасиетін құрайтын нәзік болмыс және тән. Ал Будда осының соңғы екеуін ғана мойындап, жанды және оның мәңгілік екендігін жоққа шығарды. “Егер адам өлгеннен кейін нәзік болмысы әлемдік болмыспен араласатындай болып жетілсе, ол бұл өмірде қайта тумай, туу — өлу айналымынан (самскара) құтылады, яғни, фәни өмірдің азабынан құтылады” деді. Мұны “шуньявади” (бос кеңістік, яғни, өлгеннен кейін ештеңе жоқ) философиясы деп атайды. Будда діні өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу — өлу айналымынан құтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б.з.б. 5 ғ. — б.з. басы); екінші, бодхисаттва — құтқарушы көмегімен құтылу; үшінші, махаяна (б.з. 5 ғ-ына дейін) кезі. Махаяна негізінде будда (көкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (5 ғ-дан кейін). Ол ваджраяна деп те аталды.
...