+1 дауыс
23.8k көрілді

10 жауап

+2 дауыс
Аққу,қарлығаш,көгершін жатады!
+3 дауыс
Ең бірінші "қыран бүркіт" деп ойлаймын.себебі туымызда бейнеленген.Және "қарлығаш".Оның киелі екенін мына бір аңыздан байқауға болады..Қазыбек би туралы:"Қарлығаш әулие" деген.Білгіңіз келе ме ?
ия білгім келеді
Бір күні Қазыбек би көшуге дайындалады.Яғни қыс келген соң,қыстауға көшпей ма?Көшуге дайындалып киіз үйді енлі жинайын деп жатса,қарлығаш киіз үйдің бір бұрышына ұясын салыпты.Оны көрген Қазыбек би келініне алмауын өтінеді.Қарлығаш киелі,және әулие болып есептеледі деп айтады.Сөйтіп Қазыбек би қарлығаштың ұясы үшін қыстауға көшпейді.сол жерде қысты өткізеді.Бірақ қыстан аман-есен шығады.Міне көрдіңіз бе қазақтар құсты қалай қорғайтынын,оның киелілігін түсіне білген.Сондықтан бұл аңыз "Қарлығаш әулие" деп аталып кеткен
рахмет, жауабыңызға +1
+1 дауыс
аққу  қазақтың  нағыз  киелі  құсы
+2 дауыс
Аққулар (лат. Cygnus) — қазтәрізділер отряды, үйрек тұқымдасының жеке туысына жататын өте сымбатты құстар. Қазақстанда аққудың (Cugnus) үш түрі: сұңқылдақ аққу, сыбырлақ аққу, кіші аққу кездеседі. Мойны мен денесінің ұзындығы тең әрі иіліп келген. Денесі созылыңқы, басы онша үлкен емес, тұмсығы тік әрі жалпақтау келеді. Қысқа сирағы денесінің арт жағында орналасқан. Қауырсыны тығыз әрі үлпілдек мамықты шымқай ақ түсті (тек Австралия мен Тасманияда кездесетін бір түрі ғана шымқай қара). Салмағы 5 – 10 кг, ең ірісі 13 кг-ға жетеді. Қанатының ұзындығы 150 – 180 см. Тіршілігінің көп уақытын суда өткізеді, жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды, құрлыққа сирек шығады. Аққу – жұп құрып тіршілік етеді. Ұясына (су жағалауындағы өсімдіктердің арасындағы) 3 – 7-ге дейін жұмыртқа салады, оны көбіне аналығы басады. 29 – 40 күнде ширақ балапандар шығады, оларға жұптасып қамқорлық жасайды. Жылына бір рет түлейді. Ересектері су өсімдіктерімен, кейде судағы омыртқасыз жәндіктермен, ал балапандары су жәндіктерімен қоректенеді. Аққу – жыл құсы. Қыс жылы кезде аққудың біраз тобы Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында – Ақтау қаласының маңында қыстап шығады.
Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған ешуақытта оқ атпайды. Аққудың аталығын «сапар», балапанын «көгілдір», мойнын «сұңғақ» деп дәріптейді.
<img src=" title="" alt="" /></a>

Бүркіт – киелі, қастерлі құс. Қыран құстың жадағайын қазақ төріне іліп қоятын. Бүркітті ежелден «қасиетті құс» деп қастерлеп, «дала сермеңдесі», «көк тәңірісі», «аспан перісі», «қанаттылар ханы» деп құрмет тұтты. Елімізде бүркіт көбінесе Алтай, Тарбағатай, Алатау, Көкшетау таулары мен орман алқаптарында кездеседі. Бүркіт – жыртқыш құс. Бүркітті ақиық, мұзбалақ, қараша, көктабан, шөгел, көк бүркіт, су бүркіт, дала бүркіт, тау бүркіті деп атайды.

Бүркіттің түсі қоңыр. Салмағы 4 килограммға дейін барады. Дене тұрқы – 95 сантиметрге дейін болса, жайған қанаты 2 метрге дейін жетеді. Қанатының шеткі қауырсындарын шалғысы деп атайды. Ал құйрығының ортасындағы екі қабат әлді қауырсынын «көбесі» деп, қалғандарын «жебесі» деп атайды.

Аяғы 4 саусақты, оның артқысын «тегеуріні», ішкісін «жем басар», ортаңғысын «сығымы», шеткісін «шеңгелі» деп атайды. Бүркіт суыр, қоян, түлкі, борсық аулайды. Тұяқты жануарлардан ақбөкен, елік, таутеке, қара құйрық секілді аңдардың төлін жейді.

Ол таудың биік қияларына сексеуіл, тораңғы, тағы басқа ірі бұта, ағаш басына наурыз-сәуір айларында жұмыртқа салып, 45 күнде балапан басып шығарады. Мен көбінесе балапанын ұядан емес, жаңадан ұшыра бастаған кезінде қолға түсіріп, бағып жүрмін. Қара қанат болған кезінде баққан дұрыс.

Қазақ бүркітті ерте кезден ұстаған. Аңшылыққа үйреткен. Алғашында қолынан жем жеуге дағдыландырған. Содан кейін құсты алыста тұрып шақырып, өздігінен келіп жем жеуге баулыған. Мұнан кейін ат үстінде тұрып жемді көрсетіп, шақырып, қолына келіп қонуды үйретеді. Содан соң құсқа жемді аң терісін үстіне қою арқылы алғызып үйретеді. Бүркіт аңға үш тәсілмен – шаншыла, сыпыра және іліп түсу арқылы түседі.
<img src=" title="" alt="" /></a>
+2 дауыс
"Дегелек"-кейбір аймақтарда "Ләйлек"- деп атайды, ал жалпы "Аққу" туралы біздің халық  аңыздарында көп айтылмайды. Соған қарағанда бұлда бір сырттан енген еліктеушілік шығар.
+1 дауыс
Бүркіт, Аққу, Тырна, Қарлығаш, Дегелек т.б.......
0 дауыс
Аққу,қарлығаш,көгершін, кептер жатады, ал өзім киелі деп қарлығашты айта алам!!!
0 дауыс
Ата бабамыз барлық нәрсені табиғатпен байланыстырған.Аққу,қарлығаш,бүркіт,қыранды ерекше қастерлеген.Аққуды махаббаттың символы десе,қарлығаш бақыт құсы,адамның досы деп түсінген екен.
0 дауыс
ияя сіздердің айтқандарыңыздың барлығы дұрыс!Ал аққудың сырттан келген еліктеушілік дегеніне келіспеймін!Себебі,ақынымыз М.Мақатаевтың Аққулар ұйықтағанда поэмасында аққудың киелілігін айрықша етіп көрсеткен!Ол поэманы тебіренбей оқу мүмкін емес!!Іздеп тауып оқып көріңіздер!!!Аққуды атпайды киесі ұрады деді ата-бабамыз!Және де қарлығаш Қазыбек би емес Төле бидің қазақ уйіне ұя салмайды ма???Менің естігендерім бойынша солай!Қазақта киелі кұстар да жануарлар да көп-ақ соларды киелі деп бағалайық!
0 дауыс
Бүркіт, Қарлығаш, Аққу
...