+4 дауыс
667 көрілді
Құрметті қолданушылар! Сіздер яғни осы сайттың келушілері қазақ әліпбиін (алфабитін) жақсы танитын сауатты адамдарсыздар деп ойлаймын. Олай болса неге өз абыройларыңызды түсіріп Mail.ru синдромына шалдыққандарға яки тілі жетілмеген сақау адамдар сияқты "менин", "сенин","кушти", "жаксы" деген сияқты қисық сөздермен жазасыздар? Сайт Сұрақ-Жауап өте сауатты сайт. Және оны жасап отырған адам да өте сауатты жігіт. Сайт әкімшілігінің еңбегіне құрмет ретінде жоқ дегенде дұрыс жазып үйреніңіздер!
Кейбір қолданушылар қойып жатқан сұрақтар мәнсіз, мағынасыз болып барады. Құрметті "кейбір" қолданушылар, сіздердің ерігіп отырып қоя салған немесе жеке көзқарастарыңызды сағыздай қылып шайнап жіберетін сұрақтарыңыз бізге қызық емес. Нақтылыққа көшелік.
Осы сайтқа ізгі құрметі бар қолданушылар жоғарыда аталған нәрселерді назарға ұстап жүрген жерінде осыларға жол бермеуге тырысады деп ойлаймын.

8 жауап

+3 дауыс
Әрине Садық аға,айтқаныңызбен келісемін,мен ешқандай қате жібермеуге тырысамын және кейбір қолданушылар мағынасыз сұрақтар қойып,латын әріптерімен жазып жатады,бұған да мән берілуі керек!Сұрақ-жауапқа аса байыптылықпен мән беріп,қарау қажет! Сұрақ-жауаптағы өзін-өзі ұстау деп айтқан тақырыбыңыз орынды,осыны ескере отырып, басқа қолданушылар да  қатесіз жазбауға,латын әріптерімен жазбауға,мағынасыз сұрақ қоймайтын болар деген ниеттемін!
                                                                                                          Құрметпен:Төлепова Айсара Сәлімгерейқызы
+2 дауыс
Бұл сіз айтпайақ 100 ге жуық рет қарастырылған нәрсе.Алғаш келгендер көп қателеседі, оларға барынша модтар я қолданушылар ескертеді.Оған шаршамаяқ қойыңыз)))
+4 дауыс
Абылай айтпақшы, 245 рет айтылған / қозғалған  тақырып. Алайда, Сайт қолданушыларының 100% сақтап жүрген жоқ.Қулары бар- Ұялы тел.-да қазақ қаріптері жоқ деп құтылады. Озбырлар бар - жауапсыз. Білместер бар - түзеусіз.Амал нешік, моддтар-реддтар - "боттар"-мамандар өңдеуде/жасыруда/жабуда. Айтпақшы, [сіздік Сайтта][1] сақтала ма айтылғандар ?! )))


  [1]: http://aitaber.kz/
Ендеше 246-ыншы рет айту бақыты маған бұйырған екен:)
)))  Ендеше, есті қолданушылардың құлағына жетеді деген сенімдеміз.
+2 дауыс
мәәә жаман айттың жер қылдың бәрін. тіпті ойбойоооуууууу жылап жібердім. неше рет айтсақ та бәрібір "жаңадан" келген қолданушылардың табиғатына әсер етпейді ) дерімді не ( дерімді де білмей отырмын.
айтпақшы "калайсын бауырым, сенин жагдайын жаксы ма"? ;)
Кудайга шукыр:))))))) „әііәңәғұүні әлі айналшықтап жүрсің ба, Джек қария?
қай „әііәңәғұү төңірегінде әнгіме кетіп жатыр еді өзі?
маңқа болып кеткен жоқсыңдар ма?
1 спам
жоқ, бәрі нәрмәльні, қам жеме
+3 дауыс
Өте дұрыс айтасыз! Сізбен толықтай келісемін. Осы сөздерден кейін "кейбір" сайт қолданушыларының сөздері дұрысталар деген үміттемін. Әйтпесе, сұрақтар мен жауаптарды өңдеп, жасырып, жойып жүрген редакторларымыз бен модераторларымыз шаршаған болар...) Кейде сол кісілерге рахмет айтудың орнына ренжіп, ашуланып та жатады...( Өзімізден бастайық! Әр сөзге мән беріп, сауатты жазып, СЖ сайтының көркеюіне үлесімізді қосайық, достар!!!)
+2 дауыс
Қазақ тілін сақтайық,дамытайық деп күнде-түнде газет пен журналдардың,сайттар мен блогтарды толтырып болдық. Ауызекі шалақазақша айтуымыз былай тұрсын,енді шалақазақтанып жазу қалды ма? Қазақ тілін сіз танитын адамдар ғана емес,мына сіздер дұрыс қолданып дамытасыздар. Басқаларды күтпей ең әуелі өзімізден бастау керек. Сен басқаларға қарап емес,қайта басқалар саған қарап сөзін түзейтіндей болу керек. Сондықтан қазақ тілін қорламайық,құрметтейік. Жалғыз мына сайтқа емес,кіріп жүрген барлық сайттарға ана тіліңізде сауатты жазып,өмірде сайрап сөйлеңіздер. Ұлтжандылық тасысын.
Ұялым қазақша қолдамайды дейтіндерге айтарым қазақша қолдайтын ұялы алыңыздар. Қымбат емес,бірақ ана тілімізді түсінетін тиімді бағадағы ұялылар қазір бар. Мен өз басым жұмыс жасамасамда бұрынғы қазақшасы жоқ ұялымды сатып,үстіне қосып қазақша қолдайтын ұялы алдым. Өмірде өзге тілді қоспай сөйлеп,сайттар мен блогтарда,агентте,смсте таза қазақша шрифтілермен жазып жүріп,өзімді аз да болса қазақ тілінің өркендеуіне үлес қосып жүрмін деп есептеймін. Сіздер де солай жасаңыздар.
0 дауыс
247-інші рет мен айтайын ,сайтта сауатсыз "сурак" қоюды доғарыңдар.
+1 дауыс
Жаңа тіркелген Қолданушылар, мына айтылғанды бір мәрте оқуларыңызды , жай ғана оқып қоймай, жадыларыңызға түйіп, содан бір нәтиже шығаруларыңызды сұраймыз!!! .........НӘТИЖЕ ! ))
...