+1 дауыс
22.2k көрілді
Мыстың(Cu) артықшылығын мырыштың(Zn) кемшілігін екеуін салыстырып. Дебад өткізуге.

1 жауап

0 дауыс
Мынаны көріңізші.Бәлкім табылып қалар
               Тақырыбы: d- элементтердің жалпы сипаттамасы. Мыс

d-элементтерінің басты химиялық сипаты сыртқы электрон қабатында 2s электрон болуымен анықталады.Кезекті электрондар сыртқы электрондық қабаттан санағанда екінші қабатқа түсіп,d- деңгейшені толтырады.Сондықтан d-элементтер химиялық реакцияларда металдар сияқты оң тотығу дәрежесін көрсетеді.
Мыс ІБ топ элементі.Оның электрондық формуласы:
                      
                     Си +29        1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d10 4s1
                         
Мыс атомында оныншы d-электрон төртінші s-деңгейшеден «құлап» түсуі нәтижесінде  үшінші d-деңгейшеге өтеді, сондықтан бұл электрон қозғалғыш.
Жер қыртысында мыстың мөлшері 0,01% массаны құрайды.Ол саф күйінде және қосылыстар түрінде кездеседі.Маңызды минералдары: халькопирит-СиFeS2, малахит-
CuCO3* Cu(OH)2,куприт-Cu2O.
Алынуы:
                  2Cu2S+3O2   ═   2Cu2O+2SO2
                  2Cu2O+Cu2S ═   6Cu+SO2

Химиялық қасиеттері:
Жай заттармен әрекеттеседі

                    Cu+Cl2  ═   CuCl2

                     2Cu+O2 ═  2CuO

                     Cu+S   ═    CuS
Күрделі заттармен:
                     
                     Cu+2H2SO4 ═    CuSO4+SO2+2H2O
                      
                     Cu+4HNO3 ═    Cu(NO3)2+2NO2 +2H2O
                               конц

                     Cu+8HNO3 ═    3Cu(NO3)2+2NO↑+4H2O
                              сұйыл    


                     Сu+2AgNO3  ═  Cu(NO3)2+2Ag  

Мыс қосылыстарын анықтау.
Мыс және оның ұшқыш қосылыстары жалынды көк жасыл түске бояйды. Тұздарына сілті қосқанда мыс гидроксидінің көгілдір тұнбасы түзіледі.

                      Cu2+ + 2OH-  ═    Cu(OH)2↓

Қолданылуы:

-    Электр тогын өткізетін қондырғылар жасауда;
-    Металдық қаптаулар алуда;
-    Әр түрлі заттардың металдық көшірмесін алу үшін;
-    Әсемдік бұйымдар дайындауда,
-    Полиграфияда, мыс қалыбын жасауда;
-    Радиотехникада қолданылады.

                             Тақырыбы:  Мырыш.


Мырыш-ІІ Б топтың элементі. Электрондық формуласы:
                               
                     Zn +30    1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d10 4s2

Графиктік формуласы:



Химиялық реакцияларда тек соңғы қабаттағы 2s электронды беріп, +2 тотығу дәрежесін көрсетеді.Әдетте мырыш кендері –полиметалдық. Маңызды минералдары: мырыш алдамшысы-ZnS, цинкит-ZnO, мырыш шпаты-ZnCO3.
Алынуы.
                  2ZnS+ 3O2= 2ZnO+ 2SO2
                    ZnO+ C= Zn+ CO

Химиялық қасиеттері:
Жай заттармен
                  Zn+ Cl2=  ZnCl2
                  2Zn+ O2=  2ZnO
                   Zn+ S=  ZnS
Күрделі заттармен
                  Zn+ H2O= ZnO+ H2
                  Zn+ 2HCl2= ZnCl2+ H2
                 Zn+ 2NaOH=Na2ZnO2+ H2

Мырыштың маңызды қосылыстары:
Zn(OH)2-мырыш гидроксиді, екідайлы қосылыс.
                  Zn(OH)2+ 2HCl= ZnCl2+2H2O
                  Zn(OH)2+ 2NaOH= Na2(ZnOH4)
Мырыш сульфаты-ZnSO4*7H2O  мырыш купоросы.
Мырыш сульфиді- ZnS люминесценттік қабілеті бар.

Мырыш қосылыстарын анықтау.
Мырыш тұздарына сілті қосқанда қоймалжың тұнба түзеді.
                 Zn+2 + 2OH- = Zn(OH)2


Ү. Бекіту.
Мырыш-ауада тұрақты, орташа белсенді металл.Мырыштың өзі және қосылыстары екідайлы қасиет көрсетеді.Мырышты темірден жасалған бұйымдарға қорғаныш қаптамалар жасау үшін және құймаларын алу үшін қолданады.
...