0 дауыс
3.2k көрілді
жағдай жасалған ба ,орысшама кітаптар ,    далада жүресіңба , намаз оқи алама т.б

1 жауап

0 дауыс

Әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына да байланысты екені анық. Сол себепті мамандық таңдау оңай емес. Шыны керек, кейбір жастарымыз жақсы маман иесі болсам деп ойлай бермейді. Әйтеуір, бір мамандықты таңдай салып, диплом алып шықсам болды деп ойлайды.

Жақсы  маман иесі болу үшін көп ізденіс, оқу, білім алу, ең бастысы мамандыққа деген сүйіспеншілік қажет. Бүгінгі таңда ең қажетті мамандықтардың қатарына  геолог, радиотехник, инженер, мамандықтары  аталып жүр.

Осы салаларда білікті мамандардың керек екені рас.

Сонымен бірге түлектердің қазіргі заман талабына сай мамандықтар мен кәсіп иелері туралы толық ақпаратпен қамтамасыз етілмеуін де атап өтуге болады. Расында, кәсіптік білім беруде шешімін күтіп тұрған мәселелер бар.

Мамандықты ойланып барып таңдаған жөн. Бұл маңызды іске мектепте көңіл бөлінуі тиіс.

Заман талабына сай өмір сүру керек деп жатамыз ғой, заманға сай жаңа мамандықтар қажет. Қазіргі жастарға шетел тілін білу, компьютерді жоғары деңгейде қолданып, оның әртүрлі бағдарламаларын игеру талап етіліп отыр.

Яғни инновациялық озық технологияларды жоғары деңгейде меңгерген, нанотехнологияларды игерген, компьютерлік бағдарламаларды құрастырушы мамандар – заман талабына сай пайда болып жатқан мамандықтар. Қазіргі таңда нанотехнология саласы қолға алынып жатыр. Бұл сала информатика, физика, химия тәрізді ғылымды жетік меңгерген, біліктілігі мол мамандардың бірлесе отырып жұмыс істеуін керек етеді.

Жастардың көбі кәсіптік мамандықтарға қызыға қоймайды. Неліктен олай? Қайта қоғам қажет етіп отырған зәру мамандықтарды игеруге жастарымыз көбірек баруы керек емес пе? Сұранысы төмен мамандыққа оқып, жұмыс таба алмай отырған жақсы ма, әлде белгілі бір кәсіпті меңгеріп, өз ісінің шебері атанып, өмірде өз жолын тапқан жақсы ма? Әрине, өз ісінің маманы болып, өмірде өз жолын тапқан жақсы.

Елімізде «Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы» қолға алынғалы техника мамандарына сұраныс артты.

Соның ішінде геолог мамандығы үлкен сұранысқа ие.

Қазіргі кезде әлемнiң көп елдерi кен өндiру секторын өз ұлттық экономикаларының бiрқалыпты дамуының қозғаушысы ретiнде санайды.

Қазақстан экономикасы дамуы да осы минералды-шикізат базасына байланысты болып отыр.

Сарапшылар бағалауы бойынша, Қазақстанда жоғары сұранысқа ие металдар (Cu, Pb, Zn, Au, Ag) қатарына жатады.

Ұлттық компания осы қысқа кезең ішінде геологиялық барлауға қазіргі заманғы инновациялық технологиялар енгізіп, инвестициялар тарту, сондай-ақ геология саласының ғылыми деңгейін дамыту бағыттарында көп жұмыстар атқарды келеді.

Еліміздің минералдық-шикізат базасын толықтырып, қазіргі кезеңде және ұзақ мерзімді мемлекеттің экономикалық сұранысын перспективада қанағаттандыру үшін міндетті түрде геология саласын дамыту қажет.

Геология – бұл ғылымды қажет ететін салалардың бірі, сондықтан өңірлік әрі іздеу (барлау) жұмыстарын дайындау кезінде өңірлердің даму ерекшеліктерін ескере отырып, олардың негізінде пайдалы қазбалар іздеудің геологиялық-геофизикалық материалдарды қорыту әрі талдаудың ғылыми түрде негізделген бағыттары бойынша тақырыптық ғылыми жұмыстардың үлкен көлемін жүргізу қажет.

Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарына да сұраныстар артып келеді. Әлі де болса, барланбаған кен орындары көп. Қорлары бекітілген кен орындары қажет.

Алайда, осындай жұмыстар жүргізу үшін кадрлар даярлау қажет.

Геолог мамандықтарды даярлау кезінде қоятын аса маңызды талаптардың бірі – мамандарды геологиялық барлаудың жаңа технологияларына оқытып, үйрету.

Бұдан басқа, жаз маусымы кезінде далалық геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу әдістерін игеруге студенттер үшін өндірістік тәжірибелер ұйымдастырып, геологтардың қызығушылығын туғызу керек.

Сондықтан теориядан алып жүрген білімдерін, өндіріспен тығыз байланыстырып тәжірибе жүзінде көрген жақсы.

Геология мамандығының қазіргі таңда өзектілігі өте жоғары.

Маңғыстау өлкесі мұнайлы өлке болып саналғандықтан, аймағымыздағы жалғыз оқу орны Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және  инжиниринг университеті болып саналады. Осы оқу орнының геология мамандығын бітіріп, мұнай компанияларында жоғарғы қызметте жұмыс жасап отырған түлектеріміз жетерлік.

Толығырақ: https://bilimdinews.kz/?p=103429

...