0 дауыс
420 көрілді

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Анна Павлованың туғанына 131 жыл
Анна Павловна Павлова (1881—1931) — орыстың балет артисі. 1899 жылы Петербург театр училищесін П.А.Гердтің класы бойынша бітіргеннен кейін, Мариин театрына қабылданды. 1906 жылы балерина атағына ие болды. 1914 жылдан бастап шетелде тұрды. Таңдаулы партиялары: Аданның "Жизель" балетіндегі Жизелъ, Дельдевездің "Пахитасындағы" Пахита, Минкустың "Баядеркасындағы" Никия мен "Дон Кихотындағы" Китри, тағы басқа. Шығармашылығы арқылы балет өнерінде жүргізген М.М.Фокиннің реформасына игі әсер етті. Ол қойған балет премьераларында Павлова негізгі партияларды биледі. Биінің музыкалық және психологиялық тұрғыдан мазмұнды, эмоциялық бояуға толы әрі алуан жанрлы болып келуі, оның өнеріне тән қасиет. Анна Павлова өз кезеңінің ұлы актрисасы атанды. Ол ырғақты өзгертіп немесе кішкене ғана пластиканың суретін ауыстырып, бидің мылқау тілімен сөйлей алды. Анна Павлова классиканың қатаң шеңберінен шықпай жалпылама-шартты балет бейнелеріне психологиялық және қазіргі заманның терең ойларын енгізді. 1910 жылы өз труппасын ұйымдастырып, гастрольдік сапармен Еуропа, Америка және Азия елдерінде өнер көрсетті.[1]
Ал cіз дұрыс айтып отырсыз жақсы жауап..!
Белгісіз
Аннаның не қатысы бар? қалай /кімнің танысы / гуглдың негізін қалаушы / Логотиптің .... түсіндіріңдерші.
Осы сілтемеге өтіп көр http://www.google.ru/. Сондағы гуглдың логотипінің үстіне тышқанды алып бар. Сонда жазу шығуы керек : 131 год со дня рождения А.Павловой деген
Ииии.Енді жетті.рахмет.
оқасы жоқ
0 дауыс
Қателеспесем, Хромды айтып отырсың ғой?! _

![ло][1]


  [1]:
<br>
Ешкімнің құрметіне емес-с-с. Құрастырушылар Веб-тәжірибеге сүйеніп, қолданушылардың назарына  соңғы "сән"-нің қимасына сай етіп жасалған Жаңа символды ұсынды.Ұсынғанда не ғой, өзгертті. Жаңа "логотип" жағымдырақ-размытый  көрінетіні хақ. Бұл кескінге  қарапайымдылық - жеделдік  тән. Сол қасиетті символда ұштастыра-көрсете  білген дизайнерлер , жемістері миллиондаған қолданушыларды қуантады деп сенді. Қуантты.)
Енді көргенім. Рмт. Қазақтың биші қыздарына гуглкэйзэт шығарар ма екен?!
0 дауыс
Бүгін гуглдың логотипі өзгермеген сияқты ғо (гугл дудл), менде өзгермеді

(гугол санның аты 1 гугол = 1.0 × 10<sup>100</sup> ) тақырыптан ауытқысам ескертпесеңдер де болады
...