0 дауыс
Міржақып Дулатұлының "Шешенің балаларын сүйуі" атты еңбегі бар ма? немесе атауы басқаша ма?
09.02.2012
өңдеді 1.4k қаралым

1 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,
Қуанышына қуанып, қайғыңа - күйетұғын?
- Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
Кім сендерді, балалар тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
- Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Дамқор анаң көз жасын көлдететін.
Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең?
- Бетін жуған жасымен сорлы анаңа
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.
Кім сағынар сендерді келгеніңше,
Құлындарын көзімен көргенінше?
Сендер қайтып келсеңдер адам болып.
һеш арманым болмас еді өлгенімше...
09.02.2012
үздік деді

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы