+1 дауыс
18.4k көрілді
Шаршау,көздің шаршауы,күйзеліс.

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Адамның бас ауруына жиі себеп болатын күй- зеліске түсуге де себеп көп. Үнемі күйзеліске тү- сіп, торығу – денсаулық-қа өте зиянды. Ол басты ауыртып қана қоймай, инсультке де соқтырады.

Әлемде «ми соққысы» деп аталатын осы дерт- тен жыл сайын 15 мил- лионға жуық адам қаза табады. Бұл дерт көбі- несе, жүйке жүйесінің әлсіреуінен, экология-лық зардаптар әсерінен орын алады, ағзаға қа-уіп төндіретін әртүрлі құбылыстарда асқына түседі. Қазіргі медици-на бас сақинасының тал- масына айрықша көңіл бөліп, сол арқылы ағза-ның күйзелуі, инсультқа ұшырауын зерттеп, оған бір табан жақын адамдарды дер кезінде анық-тап, алдын-ала ем-шара қолдана алады.

Америкалық ғалымдар күйзеліс арқылы инсульт алудың алдын алу жө-нінде мынандай ақыл-кеңес береді: «Ішіңіз, бі- рақ мөлшермен. Кофе ішуді азайтыңыз, көбірек күліңіз. Мысық асыраңыз.

Мейлінше қозғалыңыз. Тамақты аз жеңіз. Сани-тарлық – гигиеналық ке-ңестерге құлақ түріңіз».

Адамның ең сезімтал ағзаларының бірі – жүй- ке жүйесі. Жүйке ауру- ларына, демек, психика-лық ауруларға көбінесе жоғарғы қызметте, кең- седе қағаздармен, есе- пен көп жұмыс істейтін және өмір бойы қиын-шылық көріп келген адамдар ұшырайды. Со-ның ішінде, еркектер 35 пайыз болса, әйелдер 45, кейде 50 пайызға жете-ді. Осы орайда көп ашу- ланып, ренжудің, күйзе- лудің, торығып түңілудің адам басын ауыртып, жүйкесін тоздырып, қан қысымын көтеріп, ин- сультқа әкеліп соқтыра- тынын естен шығармайық.

Жүйкені тыныштандыру Бас ауруына жиі шал-дықтыратын жүйкенің әлсіздігін, жұқаруын бол-дырмау, оны тыныштандыру үшін жасалатын қарапайым ем-шаралар аз емес.

1. Жүйкені тыныштан-дыру үшін ең бірінші, ма- засыз ойлардан арылу қажет, жақсылап тынық-қан жөн.
2. Шай ішкен жақсы әсер етеді.
3. Жұмыртқаны шикі-лей кесеге жарып алып, үстінен қайнаған сүт құяды, әбден араластырып, оны күн сайын аз-аздан ішіп тұрады. Ол адамды жүйке ауруынан біртіндеп айықтырады.
4. Жүйкенің әлсіздігін жазуға атақты көріпкел Ванга мынандай кеңес берген: «Әрқайсын жар-ты келіден бірдей етіп қант пен балды шыны ыдысқа салады, әбден араластырады. Күніне екі ас қасығын пайдалану қажет». 5. Жүйке сырқатында дәрігермен ақылдасып, киікоты, қалақай, тағы да басқа емдік шөптерді пайдаланады. 6. Жұқалап кесілген шикі картопты маңдайға таңып қояды.
7. Көңілді жайландырып, ашу, күйзелу, жүй-ке жұқарудан қалыпқа келудің бір тәсілі: серуендеп қайту, он минут жедел жүру. Қарыштай адымдап, қолды сермей қимылдатып, ұдайы алға қарап жүру ілби жүріп, аяғының ұшына қарап аяңдағаннан айрықша пайдалы, ол сергек се-зіндіртеді. Қолды сермей қимылдату иықтың, мойын мен арқаның бұл- шық еттерін босаңсыта-ды, адам тәп-тәуір ты-нығып қалады.

Бас ауруын жазатын 18 тәсіл Егерде басыңыз қақ жарылып ауыратын болса, мына он сегіз тәсілдің өзіңізге тиімдісін пайда-лануыңызға болады. Мүм- кін, бірі болмаса бірі Сіз- ді бас ауруынан айықты- рып жіберер. Бұл 18 тә- сіл дәрігер мамандардың, халық емшілерінің ақыл- кеңесі бойынша жүйеле-ніп, жарияланып отыр.

1. Ауруды алдын-ала тұншықтыр. Медицина тиісті дәріні пайдалану арқылы ауруды басталмай тұрып аластаудың ең тиімді жолы деп санайды.

2. Кейде қиял дәріден де шипалы. Қиял құша-ғына батыңыз. Мысалы: Сіз жаныңызды қинаған ауруды ішіне су толған қызыл шар деп елесте-тіңіз. Шардың бір бүйірі тығындаулы тұр. Ойша сол тығынды алып тас- тап, ішіндегі суды ағы-зып жіберіңіз. Басыңыз жазылып кетеді.

3. Басыңызды уқала-ңыз. Суға жуғандай ба- сыңызды саусақ ұшы-мен ысыңыз. Тағы бір тә- сіл: кәдімгі щетка неме- се ағаш тарақпен са- майдан маңдайға, одан желкеге дейін басты төменнен бастап дөң-гелете ысыңыз. Осылай жасасаңыз, бастың сынып ауруы жазылып, же- ңіл сезінесіз. 4. Бас ауырғанда ұйық- тауға тырысыңыз. Оның ауру қыспағынан құтқа-руға мүмкіндігі мол.

5. Бас қақ айрылып жа- рылып бара жатса ұйық-тай алмайсыз. Ондайда бей-жай күйге түсуге күш салыңыз. Ұядай қа- раңғы бөлмеге кіріп алып креслоға немесе кушет- каға оңтайлы жайғасы-ңыз, мынандай қиялға беріліңіз: құмдауыт жа- ғажай, Сіздің ауруыңыз-ды жалап, қашыққа, те-ңізге алып кетіп жатқан толқындар. Осылай ойлай берсеңіз ауруыңыз да сарқылады.

6. Түнде басыңызды көрпемен тұмшалама-ңыз. Олай жасасаңыз от- тегі аз келеді, қандағы көмірқышқыл газы кө- бейеді, таңертең төсек-тен басыңыз ауырып тұ-расыз.

7. Қолайсыз жату да басты ауыртады. Етбе-тіңізден жатсаңыз, жел- кеңіздің бұлшық еті ісі- ніп кетеді. Мазасыз ұйық- тайсыз, төңбекши бере- сіз, сол себепті, желке-ңіздің омыртқаларына тіреу болатын оңтайлы көпшік жасатып алы- ңыз.

8. Спирттік ішімдікке құмартпау қажет. Аз іш- сеңіз де сапасы мен тү-сіне назар аударғаныңыз жөн. Бренди қызыл шарап немесе виски тәрізді қоңыр түсті ішімдіктер басты көбірек ауыртады, ертеңіне бас жазу-ға итермелейді. Осыны естен шығармаңыз.
9. Дәм-тұзға абай бол- ған дұрыс. Кейбір бас ауыртатын азық-түлік- терді біржолата пайда-ланбаңыз. Олардың тізі-мінде шоколад, кофе, какао бар. Олардың құ-рамындағы заттар қан тамырларын тарылтып тастайды. Сол себепті олардан бас тартуға ты-рысыңыз. 10. Магнийді көп қол-даныңыз. Ғалымдар ба- сы үнемі ауыратын егде кісілердің қан құрамын-да осы элементтердің аз болатынын айтады. Сон- дықтанда тағам құра- мында бұршақ, астық өнімдерін бітеу түрін, теңіз өнімдерін, жаңғақ- ты көбірек пайдаланға- ныңыз оңды. Дәрігер-лермен кеңесіп, маг-нийлі дәрі-дәрмекті де пайдаланғаныңыз жөн. 11. Дәрігердің ке-ңесінсіз дәрі ішпеңіз, оның құрамын көбейт-пеңіз. Өйткені, кейбір дәрі-дәрмектің жана- ма әсері басты ауыртады.
12. Көзіңіз талмасын.
Теледидарға ұзақ қа- расаңыз, компьютер-дің алдында көп отыр-саңыз әрбір қырық бес минут сайын көзіңізді отыз секундтай алақа- ныңызбен жауып оты- рыңыз, сосын қолы-ңызды адып, көзіңізді жайлап ашыңыз. Ба-сыңыз ауырмайды.
13. Бас ауырғанда көзіңіздегі дәнекер лин- заны ала тұрыңыз. Се- бебі бұл кезде жанар-дың сезімталдығы артып, көру жүйесі кернеп, бас ауруы одан әрі күшейіп кетеді. 14. Сүт түсті шырақ-ты пайдаланбау қажет.
Оның көзге елеусіз лы- пылы миды қажытады, басты ауыртып жібе-реді. Флюоресценттік жарықтың орнына кә-дімгі стол шырағын не- месе торшерді пайда-ланған дұрыс.
15. Еңсені қашанда тік ұстау керек. Ең-кеймеңіз, бүкшимеңіз, басыңызды төмен тү-сірсеңіз, бұлшық еттер тым қатты шіренеді. Сіз тік отырып, тік жүрсе-ңіз көңіл күйіңіз көбі-несе сергек болады.
16. Ыстық су түрлі бас ауруларына ем. Бас ауырған кезде қос қо-лыңызды (шынтақпен қоса) ыстық суға малып отырсаңыз, жақсы әсер етеді. Ыдыстағы су салқындап бара жатса, ыстық сумен араластырыңыз, су- дың температурасы бірқалыпты болсын.
17. Дәрігерлердің айтуынша, таңертең-гілік аш қарынға айран ішіп тұрса, ол бас ауруының алдын алады.
18. Күнделікті ре-жимді дұрыс сақтау, уақытылы тамақтану, желдетілген бөлмеде жайлы ұйықтау, серуендеу, суға шомылу, емдік гимнастика жасау бас сырқатын басады, тоқтатады.
Ескерту: Бас ауыр-ғанда оған ыстық грелка қоюға, ұйықтататын дәрі-дәрмектер ішуге болмайды.
Толығырақ:http://www.info-tses.kz/red/article.php?article=75163
Raxmet bergen akparattarinizga! Algisim weksiz!
Ұлпан оқасы жоқ!
Жақсы жауап қылып белгілесеші енді
0 дауыс
компьютерден тұрып, сәл көзді деп алдыру керек))

немесе шайды марляга ора, жалатап козге кою керек жарты сағаттан, нәтижесі керемет!
0 дауыс
Қандай шай басу керек
0 дауыс
Ондай кезде демалу керек
0 дауыс
87771184673 керемет результат болады.Elev 8 пайдалансаңыз.
...