0 дауыс
4.7k көрілді
осы әлемде халқы ең аз және жер көлемі  аз ел қайсы елдер екен?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Иә, жер көлемі ең кішкентай-Ватикан, Италия астанасы Римнің ішінде орналасқан.Әлемдегі халқы ең аз ел – Питкэрн
Бір қызығы, әлемдегі тұрғыны ең аз ел Ватикан болмай шықты. Әлемдегі халқы аз ел болып Ұлыбританияның Тынық мұхиттағы теңіздік территориясы саналатын, өз алдына мемлекеттік атрибуттары бар, небары 9 отбасы немесе 56 тұрғыннан тұратын Питкэрн аралы танылып отыр. Ал әлемдегі халқы көп елдердің тізімі туралы википедия танымдық-іздеу сайтындағы мәліметтерді ұсынғанды жөн көрдік. Соның ішінде Қазақстан әлем бойынша халық саны жөнінен 62-орыннан көрінді.
+1 дауыс
ватикан жер көлемі аз ел
0 дауыс
Маған бүкіл елдер туралы мәлімет тауып бере аласыңдар ма, үлкен кішісіне дейін орысша болса тіптен жақсы,
0 дауыс
Ватикан (Латынша: Status Civitatis Vaticanæ)[1] Eуропада орналысқан ел. Ватикан - бір қаладан тұратын әлемдегі ең кішкентай ел. Рим католик шіркеуінің орталығы болып табылады.

Ватикан, Ватикан қала-мемлекеті – католик шіркеуінің орталығы, Рим папасы орналасқан мекен. Рим қаласының батыс жағында. Жер аумағы 0,44 км2. Бұл жерден тыс Римнің іші мен сыртында Ватиканға қарайтын үш собор бар (жалпы ауданы 0,7 км2). Тұрғыны бір мың адам шамасында. Көпшілігі діни мекемелердің қызметкерлері. Ватикан азаматтығын тек жеті жүздей адам ғана алған. Ресми тілдері: латын және италия тілдері. Ватикан – абсолютті теократиялық монархия. Мемлекет басшысы – Рим папасы. Оның қолында барлық билік (заң шығару, атқару, сот төрелігі) шоғырланған. Бұған қоса Рим папасы сыртқы елдермен қарым-қатынасты да жеке өзі шешеді. Папаның жанындағы кеңесші орган – Кардиналдар кеңесі. Олар аса маңызды шіркеу істерін қарайды және өз араларынан Рим папасын сайлауға қатысады. Кардиналдардың үштен бір бөлігі Рим куриінің (Ватикан үкіметі) құрамына кіреді. Үкімет Ватиканның діни, саяси, экономикалық істерінің барлығына басшылық жасайды. Ватикан тарихы 756 жылы Папа облысы құрылған кезден басталады. 1870 жылы Италия әскерлері Папа облысын басып алып, астананы Римге көшірді. 1929 жылы жасалған Лютеран келісімі (конкордат) бойынша, Италия жағы Ватикан мемлекетінің тәуелсіздігін мойындады. 1984 жылы екі арада жаңа конкордат жасалып, италиялықтарға дін еркіндігі берілді. Қазір әлемде сегіз миллионнан аса христиан-католик тұрады. Олардың ішінде Рим папасының саясатын жүргізетін 1,7 миллион дін қызметкері, 0,4 миллион священник, екі мыңнан аса монастырьлар бар. Бұған қоса Ватикан діни емес ұйымдар (кәсіподақ, жастар, әйелдер, т.б.) арасында да үлкен беделге ие. Ватикан басшылығы әлемдегі шешуі аса күрделі мәселелерге (қарулы қақтығыстар, жұмыссыздық, кедейшілікпен, аштықпен күрес, тағыда басқа) үнемі араласып отырады. Бұл қызметтеріне кететін шығынды олар өз есептерінен төлейді. Ватикан дүние жүзіндегі аса бай мемлекеттердің бірі (алтын қоры – 13 миллиард доллар).
0 дауыс
Ватикан
лат. Status Civitatis Vaticanæ
итал. Stato della Città del Vatican
...