Өткенде ғаламтордан көріп қалып едім мына өлеңді. Сіздің ойыңызбен үндесетін сияқты. Оқып көріңіз)
Бала болғым келмейді, дым білмейтін.
Дым білмейтін, ісі жоқ бүлдірмейтін.
Әке болғым келеді, Әке болғым,
Отбасымды асырап жүрмін дейтін.
Студент болғым келмейді, жүгіретін.
Жүгіретін, көмек сұрап жүгінетін.
Әке болғым келеді, Әке болғым,
Балаларын ойнатып, күлдіретін.
Жігіт болғым келмейді, уақыты көп.
Уақыты көп, шынайы бақыты жоқ.
Әке болғым келеді, Әке болғым,
Жан-жарына шашылар сарқыты көп.
Бойдақ болғым келмейді, дараланған.
Дараланған,жүрегі жараланған.
Әке болғым келеді, Әке болғым,
Отбасына отынын ала барған.
(с) Әлібек Амандық