0 дауыс
5.1k көрілді
Сунақтар! Олар кімдер? Қайдан шыққан? Қайдан келген?

4 жауап

+1 дауыс
Менің білуімше Сунақтар - көне ислам миссионерлерінің (араб, парсы) ұрпақтары,  қожалар деп жүргеніміздің бір бөлімі, Біздер бәрін қожа деп кеткенбіз, ал олар да ішінен бөлінеді екен, өздерін Сунақ атадан таратады
Ендеше олар Қазақ емес пе?
+1 дауыс
Әрине қазақ! Қожалар мен сунақтар 8 ғасырларда ислам дінін уағыздау үшін Араб түбегінен келген. Және олар қожалардың ішінен бөлінбейді. Олар бөлек ру. Жүзге кірмейтін 4 ру бар: төре,төлеңгіт, қожа және сунақ.
Алтын орда кітабын да төлеңгіттер Шынғыс ханнын арнайы қызметшілері, күзеттері олардын саны 10000 шамасын да делінген осы төлеңгіттер сіз айтып отырған төленгіттерге қатысы барма???
Белгісіз
0 дауыс
Қожалар да, сунақтар да арабтарға оның ішінде Мұхаммед пайғамбарға еш қатысы жоқ. Олар тəжік, ауған, яғни парсы тобына жатады. Олар біздің жерге 8-9 ғасырдандан бастап келе бастаған. Біразын біздің бабаларымыз Бағдатқа сауда жасап жүріп, өз балаларына іслам дінін оқыту үшін олардың медресесінен арабша ілімі бар, əке-шешесі жоқ жетімдерін бала кезінде алып келіп, өз руларына сіңіріп жіберген. Тіпті қожаның ішінде "Дуана қожа" деген өздері дуана болып, тентіреп келгендері де бар. Кейін біздің қазақ рулары оларды біздің "піріміз" деп атап кеткен. Əр рудың өз пірі бар.  Қожалар сунақтарды мойындамайды. Ол түгілі қожалар өздері де бір бірімен ешқандай да ағайын емес. Оның үстіне қожалар ешқандай да "ақсүйек" емес. Ақсүйектер олар ханның, яғни Шыңғысханың тұқымЫ. Біздің халық жолаушыны, қонақты төрге шығаратын əдеті бар. Оның үстіне ұстаз сыйлап өскен ел. Қожалар молда ретінде біздің ата-бабаларымызды іслам дініне оқытқасын оларды құрметтеген. Осыны пайдаланып олар біздің халықтың билерімен, хандарымен қыз алысып, қыз берісіп сіңісіп кетіп, соның арқасында өздерін өздері ақсүйекпіз деп атағысы келеді. Сондықтанда біздің халықтың ішіндегі қолында билігі немесе малы жоқ қара қазаққа қыз бергісі келмеген. Қазір оған көбісі қарамайды, қыз алысып, қыз берісіп қазаққа сіңіп кеткен. Қазіргі заманда да олардың ішіндегі оқыған, қолы аздап билікке жеткендері кейде "біз ақсүйекпіз", "Мұхаммедтің тұқымымыз" деп өздерін қазақтан ерекшелетіп жоғары көрсеткісі келіп тұрады. Ол далбаса тірлік. Ешқандайда араб елі қожаларды ағайынымыз деп санамайды. Сондықтанда нағыз ақсүйектер - ол өздеріміз, қазақтар!
0 дауыс

Сунақ – этникалық топ. Негізінен Сығанақ қаласының ежелгі тұрғындарынан қалыптасқан. Шежіре деректерінде Сунақты Орта жүз бен Кіші жүздің байырғы тайпаларымен, кейбіреулері Қожалармен (Сунақ аты – Хазрет Аллама Абу-л-Хасан, Зийа-ад-Дин Шайх Сығнақи әулие) байланыстырады. Сунақ - Қазақстанның оңтүстігінде көп таралған.

Сунақтардың шығу тегі Һысамиддиннен (Сұнақ-атадан) тарайды. Арғы тегі Абу Бакр Сыддықтан басталады. Сунақ-ата шамасы 1080-1160 жылдардың арасында өмір сүрген. Қожа Ахмет Иассауидің қарамағында бас имам болған, әулие, «Нихая» кітабының авторы. Сунақтардың ұраны қожалармен ортақ «Қожа Ахмет Иассауи». Қожалар мен Сунақтар бір топқа жатады. Сунаққорған аймағына алғаш келген ислам миссионарлері «Өздерінің – идеялық ұраны ретінде «Құдай бір, пайғамбар хақ, сунна – ақ» деп жариялап, көп құдайға табынушылар арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізген». Осыған байланысты бұл қағиданы таратушы адамды Суннит демей «Сунна – ақ» деген арқылы «сунақ» дей жүріп, халық арасында олар осылай аталып кеткен».

 

Сунақ қаласында тұрған бір шейхтың атына 1598 жылы Абдолла ханнан берілген вакуфтік құжатта: «Мазар Абул-Хасан Зиаад-дина шейха Сыгнаки» деп көрсеткен. Осы адамның атына 1634 жылы «Обейдуллах-хан»-нан берілген құжатта «Абу-л-Хасан Зиа-а-дин Сахиби Нихая Сыгнаки» деп жазылған. Осы Шейх Зиааддинді молда, сопы сияқты кейбір діни атымен «Сыгнаки» деген жердің атының ұқсастығы бойынша зерттеушілер 1105-1166 жылдары өмір сүрген Қожа Ахмет Иассауидің қарамағында бас имам болып істеп, өмірінің соңғы кездерінде Сунақ қаласында өмір сүріп сонда қайтыс болған Һысамиддинмен (Сұнақ-ата) шатастырып, хандар берген вакуфтердегі Зиааддинді осы атағы шыққан Сунақ-ата болуы мүмкін деп жорамалдаған. 1892 жылы құрылған Түркістан үйірмесінің археология әуесқойларының бұл қателігі 1977 жылы Қазақ кеңес энциклопедиясында да қайталанып кейбір тарихшылар осы ұғымды пайдаланып келеді. Осы Кеңес энциклопедиясында сунақтар туралы зерттеудің аздығын ескертсе де, ілгерідегі вакуфтік құжаттарға сәйкес Зиааддин шайхқа жер беруіне байланысты, әулие осы адам, Сунақ-ата осы кісі деп қате болжау жасау арқылы сунақтарды Зиааддиннен тараған деген теріс ұғым берген. Сунақ қаласында өмірінің жас шағы мен соңғы кездерінде өмір сүріп, кейбір мерзімді уақыттарда ғана осы қалада болып тұрған Һысамиддинмен (Сунақатамен), Сунақатадан біраз ғасырдан кейін осы қалада тұрақты өмір сүрген Зиааддинді бір адам болуы керек деп шатасқан. Тарихтағы толық аттары, біріншісінің: - Алла – Уммей Хисамутдин Сахиби – Нихая (Һысамиддин, Асамиддин, Талламан Сакнакия, Сунақ-ата), екіншісінің толық аты – Қожа Хазірет, Аллама Абу-л-Хасан Зиа-ад-дин шейх Сыгнаки (Абу-л-Хасан Зиа-ад-дин Сахиби Нихая Сыгнаки). Тарихшылардың Сунақ-атамен басқа белгілі тұлғалармен шатастыруы Сунақ қаласынан шыққан тарихта аты белгілі ғалымдар да бар. Олар XIII ғасырда өмір сүргендер. Мысалы, осы қала мен Орта Азиядан шыққан алты ғалымның төртеуінің аты Һысамиддинге, яғни Сунақ атаға ұқсас. Әбсаттар Дербісәливтің айтуы бойынша (Жұлдыз, 1991, №11, 161-164-б.) олардың біріншісінің аты «Әл-Хусейн бин Әлибин Хаджджадж ас-Сыгнаки деп жазылса, А. Ю. Якубовский оның Әл-Хусейн атты есімінің алдына Хусам ад-дин деген тағы бір атты қоса көрсеткен»; екеншісінің аты-«Умар Әл-Ахсикати Кусам ад-дин», үшіншісінің – «Хусам ад-Дин әл-Хасан бин әл-Хусайын; төртіншісінің аты-«Хисамеддин Сыгнаки». Ә. Дербісәлиев бұлардың бірінші аттарын өз аттары, екіншісін-әкелерінің, үшіншісін-бабаларының аттары, Сыгнаки – осы қаланікі екендігін білдіреді деп жазған.

Сунақтардың шығу тегін уақытқа байланысты Әбу Бәкірдің туған жылынан (572 жылдан) санау керек. Арабтардың есебі бойынша бір атаға 30 жыл берсе, кейбір ғалымдар бір ғасырға үш атадан санаған. Сондықтан 1993 жылы ұрпақ 43-47-ші ата болу керек. Сунақ руы бес атадан тұрады: ҚайғақтықБессарыАташҚалмырза-ТоқпанСиық аталар[1].

Сунақ-атаның өз аты Һысамиддин, ал толық шежіресі мынадай:

    color: rgb(37, 37, 37); font-family: sans-serif; font-size: 14px; line-height: 22.3999996185303px;">
  • Әбу Бәкір Сыддық (572—634 жж.),
  • Әбділла Сұлтан Мұхаммат,
  • Әзрет Ақсұлтан,
  • Сұлтан Қасым,
  • Сұлтан Кәһап,
  • Сұлтан Мәуліт,
  • Мүлки-ша,
  • Шабур Мәлік,
  • Сүлеймен Мәлік,
  • Мәнсүр Мәлік
  • Піржан Мәлік,
  • Әбділ Мәлік,
  • Қайсар Мәлік,
  • Қаюм Мәлік,
  • Әбділлә Мәлік,
  • Ғисамиддин (Сунақ ата) 1132 – 1199 жылдар.

Бұл әулет Сиық ата балалары, Қайғақтық ата ұрпақтары, Қалмырза-Тоқпан ұрпақтары, Аташ ата балалары, Бессары балалары болып бес атаға бөлінеді[2]. Сығанақ қаласында ғұмыр кешкен, Ислам әлеміне белгілі болған Ғисамуддин ал-Сығнақи осы әулеттен. Сонымен қатар исламдық шариғат жолдарының білгірі, айтулы ғалым Әбу-Лайс Самарханди осы әулеттің көш басшысы[3].

Һиссамиддин (Сунақ ата) Әбубәкір Сыддықтың он алтыншы ұрпағы, Қылауыз (Жақып) атадан жеті ата жоғарыдан қосылады. Қылауыздан бөліну себебі қожа үш атадан соң, қожалық қасиетін сақтау үшін қожадан үйлену керек және қызын тек қожаның баласына тұрмысқа беру керек болған. Егер қожаның жігіттері үш атаға дейін басқаның қызын алса, төртіншісіне үйленуге рұқсат етпеген, өйткені қожалық қан бұзылады деп есептеген. Бұл қожалық тәртіпті сақтау жолы болған. Осындай ішкі қағиданы сақтамағандықтан Һисамиддиннен төменгі ұрпақтардан бастап сунақ аталып кеткен.

...