Ақыр заман
Сұрақ: «Хижри мыңыншы жылдан кейін ақыр заман болады» делінеді. Ақыр заман пайғамбарымыздың келуімен басталмады ма?
Жауап: Иә. Мұхаммед алейһиссаламнан кейін басқа пайғамбар келмейді, қияметке дейін Оның білдірген ислам діні ғана дұрыс дін болады. «Мыңыншы жылдан кейін ақыр заман болады» деген сөз, ақыр заман белгілерінің көбейе бастайтын уақыты деген сөз. Бұл белгілер уақыт өткен сайын көбейе береді, соңында үлкен белгілері шығады, одан кейін қиямет қайым болады.
Мында толықырақ жазылған: http://islamdini.kz/articles/view/762