+2 дауыс
943 көрілді
Осы искусственный медты қалай жасайды? Шын таза әселмен қалай ажырата аламыз?

1 жауап

0 дауыс

Жасанды балды қант қызылшасы, қант қамысы, қарбыз, қауын сияқты құрамында қанты бар өсімдіктер шырынынан жасайды. Табиғи балға қарағанда, жасанды балдың хош иісі және ферменттері болмайды. Жасанды балдың иісін шығару үшін аз мөлшерде табиғи бал қосылады. Балды бояу мақсатында шайшөп, шафран қайнатпасы қосылады. Жасанды бал әдетте "Қарбыз әселі", "Қауын балы" сияқты атпен шығады.

Жасанды балдың табиғи балдан айырмашылығы - құрамында гүлтозаңның болмауында. Жасанды балдың құрамы: су – 22% жуық, сахароза – 30%, глюкоза мен фруктоза – 48%, қышқылдылығы – 4%, ал ферменттер құрамында толығымен болмайды. 

Табиғи балды келесі қасиеттері арқылы тексетуге болады:

 

  • Табиғи бал құрамында су болмайды, сондықтан балға нанның тілімін батырсаңыз ол былжырамайды;
  • Банканы өлшеп, оған бір литр су құйып белгілеп алып, сосын суды төгіп, кептіріп, орнына бір литр бал құю керек.Табиғи балдың литрінің салмағы 1400грам;
  • Балы бар ыдысқа пышақты батырып, сосын алып шықсаңыз, табиғи бал біркелкі болып ағады;
  • Табиғи бал қасыққа оралады, ал жасанды оралмайды.

Ұқсас сұрақтар

...