+5 дауыс
1.5k көрілді
Осындай жағдайда сол адамға ескерту жасау керек пе7 Әлде келесі жол сол жауаппен қайтара, адаммен амандаспауымыз керек пе7 Қанадай ойларыңыз бар7

7 жауап

+7 дауыс
 
Жақсы жауап
Екінші рет тағы амандасып көруге болар еді. Бірақ енді тағы амандаспай қойса.....Бірінші ретте естімей қалуы мүмкін немесе тағы басқа жайлармен болуы мүмкін. Ал келер жолы естіп тұрып амандаспаса, онда мен де онымен өзім бірінші болып амандасуды доғарар едім...Ал бір күні өзі амандасып жатса, мүмкін ренішпен өзіңіздің бірнеше қайтара амандасқаныңызды айту керек шығар(өзіммнің ойым ғана....)
Осыменен үшінші рет осылай болып тұр. Жағдай сол хожайынның үйінде болып тұр. Шаруа бойынша үйіне ендігі рет кіретін болсам, амандаспайық қояиын, көрейін не болатыны... 7 Ал өзі амандасса, амандаспауға тырысамын. Ойдағыдай шықса, осында жазармын не болатыны
Жарайды...жауабыңызды асыға күтеміз...
Үндемегенім соң, ол да үндемейді. Онда солай дұрыс секілді.
+4 дауыс
Әлгі адам қашан менімен амандасқанша сәлемімді қайталай беремін. Сонда ұялады ол.
+6 дауыс

Мектепте бір мұғалім бар, қанша амандассаң да үндемейді, қарап түк болмағандай кете береді. Сабақ бергеніне бізге 2 жыл болды. Сонда да таңертең сабаққа бара жатқанда міндетті түрде амандасамын. Мен үшін көрмегенсіп кете барған ұят сияқты.

+5 дауыс
МЕнің бастығым амандаспайды,мен де амандаспаймын.Кейде жалпылдап амандасып қалады,ол кезде мен де амандасамын
+3 дауыс
Біздің мектепте бір мұғалім бар, амандасқанда мүлдем амандаспайды, мен ұят қой деп амандасамын, кейде жыным ұстап кетеді. Мәдениетсіздік қой ол деген. Өзі қазақ тілі және әдебиетінен сабақ береді. Көбіне мәдениеттілік туралы айтады. Тіпті, кейбір кездері ашық сабақ, семинар секілді жағдайлар тболғанда үйге де телефон шалады. Бірақ, мектепте мені танымаған адамдай өте шығады.  бірақ, мен амандаса беремін сонда, да. Ұяты өзіне
+4 дауыс
Көп жағдайда, адамның сәлемі аузынан сенімсіз немесе әлсіз тонмен шыққанда елеусіз қалады. Сенімді, нық екпінмен сәлемдесіп тұрған адамға жауап бермеу, құлағы керең адамға тән қасиет болар. Ал егер сәлем елеусіз қалса, ол сәлемді сәлемдескен адамыңыздың періштелері қабыл алады деген де аңыз бар.
+3 дауыс
(handshake)Сәлемдесіп амандасқанда екінші рет те қарамаса ішімнен жамандап екінші рет амандаспайм
...