+2 дауыс
7.8k көрілді
адам жылап ұйықтап қалған жағдайдан кейін,адам ұйқыдан тұрғасын көзі не себепті ісіп кетеді?Соны болдырмаудың амалдары барма?болса жазыңызшы..

4 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Сәлем, Ақмарал! Сіз жылап ұйықтамауға тырысыңыз! Тіпті, мүлдем жыламаңыз! Көздің ісуін - қабақтың ісуі деп түсіндім) Қабақтың ісуі – шаршағандықтың белгісі. Көз астының қалталануына шатыраш тұнбасы ем бола алады. Ол үшін бір шай қасық шатыраш шөбіне жарты стакан қайнаған су құйып, тұндыра тұрады. Дайын болған тұнбаны сүзіп, жартысын салқындатып, жартысын ысытады. Алдымен қабаққа 10 минуттай жылы компресс қойып, сосын 10 минут салқын тұнба сіңірілген мақтаны басады. Бұл әдісті күнара жатардың алдында жасайды. Онымен қоса, үккіштен өткізілген шикі картоп қабақтың ісуін тез басады.
Шатыраш деген қандай шөп? Менің көзімнің асты ісіп жүреді. Қарапайым әдісі бар ма?
Мөлдір қалайсың?кеңес үшін алғыс!Бұның маған қатысы жоқ,досым үшін сұраған болатынмын.. Бiрак шатыраш деген не екенiн түсінбей отырғаным..
Белгісіз
Ақмарал! Аллаға шүкір, жақсымын) Өзің қалайсың? Шатыраш деген (орысша шалфей) - емдік қасиеті бар шөп.
Ержан мырза! Ісінуден, терісінің созылуынан қабақты сақтау үшін қол-данылатын ең оңай тәсілдер:

1. Қабақты жылы ерітіндімен (бір стақан суға бір шай қасық бор қышқылын аралас-тырып дайындайды) күнделік- ті жуып тұру. Қабақты түйме-гүлдің тұнбасымен жуған да пайдалы.
2. Жылдың ыстық жаз айларында қабақ пен көзді күн сәулесінен, шаң мен желден қорғау үшін қорғаныш көзілді-рік киіп жүру.
3. . Қабаққа қоректендіретін крем жағып, күту.
 Қабаққа тек қана қоректен-діретін крем жағу қажет. Кремді сипамайды, бір саусақпен ақырындап сіңіреді. Қабақ ісіңкіреп тұрса, оған шикі картопты (аршылған) басады. Аршылған картопты жуып, үккішпен үгеді, жұқа шыт матаға немесе дәкеге орайды, сосын оны тұтастай көзге басып қояды. Кейбіреулер мұндай картопқа аздап сүт, ұн қосады. Бұл пайдалы.
Моля кеңестеріңе рахмет! Ұйқының бұзылунан секілді. Крем, шөп ішу дегендерді білмейді екенмін.
"мырза"))
Оқасы жоқ) Дұрыс ұйықтамағандықтан, сонымен қатар сұйықтықты (су көп ішкеннен) көп қолданудан, бүйрек ауруынан немесе қан айналымы бұзылуынан болады екен) Мырза!
мүлдем жыламауы мүмкін емес, себебі ғашық болған ғой))))))))))))
+1 дауыс
Жылап болғасын көзін салқын сумен  жусын  көзді уқаламасын бұл көздің  ісіуіне  себебкер болады,
+1 дауыс
неге жылап ұйықтайсыз...жыламаңызшы
рахмет*)басқасы жыласада Ақмарал жыламайды ғо:D,уайымдамаңыз..
Белгісіз
+1 дауыс
жыламай ұйықтасаңыз көзіңіз ешқашан іспейді және оны болдырмауды ойлап бас қатырмайсыз, бірақ жылап қойсаңыз суық сумен жуынып, біраз уақыт уйықтамай жата тұрыңыз!

Ұқсас сұрақтар

...