Ақмарал! Аллаға шүкір, жақсымын) Өзің қалайсың? Шатыраш деген (орысша шалфей) - емдік қасиеті бар шөп.
Ержан мырза! Ісінуден, терісінің созылуынан қабақты сақтау үшін қол-данылатын ең оңай тәсілдер:
1. Қабақты жылы ерітіндімен (бір стақан суға бір шай қасық бор қышқылын аралас-тырып дайындайды) күнделік- ті жуып тұру. Қабақты түйме-гүлдің тұнбасымен жуған да пайдалы.
2. Жылдың ыстық жаз айларында қабақ пен көзді күн сәулесінен, шаң мен желден қорғау үшін қорғаныш көзілді-рік киіп жүру.
3. . Қабаққа қоректендіретін крем жағып, күту.
Қабаққа тек қана қоректен-діретін крем жағу қажет. Кремді сипамайды, бір саусақпен ақырындап сіңіреді. Қабақ ісіңкіреп тұрса, оған шикі картопты (аршылған) басады. Аршылған картопты жуып, үккішпен үгеді, жұқа шыт матаға немесе дәкеге орайды, сосын оны тұтастай көзге басып қояды. Кейбіреулер мұндай картопқа аздап сүт, ұн қосады. Бұл пайдалы.
Мөлдір_Амангелдінова
8.02.2012
пікір