+1 дауыс
6.7k көрілді

2 жауап

0 дауыс
1байтта 8 бит бар!
мен 1 байтта=8 бит бар екенин билемин, бирак маган теренирек  магулматтар керек....
+1 дауыс
Осыны көріңізші Википедия мен Гугл сайттарынан алынған мәлімет, мүмкін пайдасы болар ?
Бит дегеніміз  -  "0" мен "1" мәндерінің біреуін ғана қабылдай алатын ақпарат өлшемінің ең кіші бірлігі
Компьютердің жадында сақталатын информацияның барлық түрлері - сөздер, сандар, суреттер, компьютер жұмысын басқару программалары - бәрі де екілік сандар тізбегі түрінде жазылады. Сондықтан есептеу техникасында 0 мен 1-ден тұратын екілік сан таңбалары арнайы терминмен бит деп аталады. Бит - ағылшын тіліндегі bit (binary digit - екілік таңба) деген қысқарған сөз. ЭЕМ-де қолданылатын символдық таңбаларды бейнелейтін сегіз разрядты екілік санды "байт" (ағылшынның byte деган сөзінен) деп атау келісілген.
Сонымен 1 байт бір-бірімен қатарласа тізбек түрінде орналасқан 8 биттен тұрады, мысалы, Е - 10000101, е - 10100101, / - 00101111, 8 - 00111000  т.с.с.
Ассемблер тіліндегі мәндер түрлері

Мәндер өздерінің көлеміне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
Байт - 8 бит
Сөз – 2 байт, биттер (разрядтар) 0-ден 15-ке дейін нөмірленеді, нольдік разряды бар байт – кіші байт деп аталады., 15-ші разряды бар байт үлкен байт деп аталады.
Қоз сөз – 4 байт-32 бит, үлкен сөз, кіші сөзден тұрады.
Төрт сөз – 8 байт-64 бит, үлкен қос сөз, кіші қос сөзден тұрады.

Мәндер логика құрылысына байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

1.таңбалы бүтін мән – 8, 16, 32 биттен тұратын екілік жүйедегі берілген таңбалы мән. Таңба белгісі 7, 15, 31 разрядтарда орналасады. Бұл разрядтардағы ноль саны мәннің теріс екенін білдіреді. Теріс сандар қосымша код арқылы беріледі.

Мәндердің берілу аралығы:
8 разрядтық (1 байт) – 128-ден + 127-ге дейін
16 разрядтық (2 байт) – 32768-ден + 32767 дейін
32 разрядтық (4 байт) – 231 ден + 2 32 – 1

2.Таңбасыз бұтін мән – 8, 16, 32 биттен тұратын таңбасыз екілік жүйеде берілген мән. Мәндердің берілу аралығы:
Байт – 0+255
Сөз – 0+65535
Қос сөз – 0+2 32 – 1

3.Жадты көрсету мәні 2 түрден тұрады:
Жақын аралықтағы түрі – 32 разрядты логикалық адрес, сегменттің ығысу адресін көрсетеді.
Алыс аралықтағы түрі – 48 разрядты логикалық адрес, 32 разрядтық ығысу адресінен және 16 разрядтық селектордан тұрады.

4.Тізбек – байт, сөз, қос сөзден тұрады, көлемі 4 Гбайт-қа дейін болуы мүмкін.

5.Разрядтық аумақ – разрядтарлың тізбегі.
...