0 дауыс
9.8k көрілді
жазық пен ойпатпен үстірт айырмашылыгы?

1 жауап

0 дауыс
Жазық — беті тегіс немесе сәл толқынды болып келетін жердің үлкен алапты алып жатқан рельеф формасы. Мұнда көршілес орналасқан нүктелердің биіктік айырмасы өте аз болады. Жазық ойпатты да, үстіртті де болуы мүмкін және оның көпшілігі бір жағына қарай сәл еңістеу келеді. Жазық— салыстырмалы биіктігі бірдей және геол. құрылымы біртектес жер бедерінің пішіні; Жер шары бедерінің басты бөліктерінің бірі. Құрлықтағы және мұхит пен теңіз түбіндегі (суасты Ж-ы, абиссальдік Ж.) әр түрлі биіктіктер мен тереңдіктерде кездеседі.

Ойпат, ойпатты жазық — ой, ойпаң жазық, мұхит деңгейінен есептегенде 200 м биіктікке дейін орналасқан, құрлықтағы айтарлықтай кеңістік алып жатқан жазық үлескісі (телімі). Ойпаттың беткі жазықтығы теңіз деңгейінен төмен орналасқан түрлері де ұшырасады (Мысалы, Каспий маңы ойпаты).

Ойпаттың жер беті жазық, төбешікті келеді. Қыраттарға қарама-қарсы бедер түрі. Негізінен, горизонталь жайласқан борпылдақ тау жыныстарының қабаттарынан тұрады. Ойпат тектоникалық жолмен пайда болған теңіз және құрлық шөгінділерінен түзілген. Жер шарындағы едәуір ірілері: Амазонка, Атлант маңы, Үнді-Ганг, Тұран ойпаттары, Батыс Сібір ойпаты, т.б. Тауаралық ойпатқа Алтай тауындағы Шу ойпаты және Абай даласы, Кура-Аракс ойпаты; теңіз деңгейінен төмен жатқан ойпатқа Каспий ойпаты (–28 м) жатады. Адамдардың теңіз жағалауын құрғатудан пайда болған Нидерланд ойпаты бар.

Үстірт (франц. plat — жайпақ) —платформа өңірінен көрініс беретін, теңіз деңгейінен біршама көтеріңкі орналасқан, тегіс жазықтармен сипатталатын ауқымды алап; беткі деңгейі біршама биік Үстірттер (1000 м-ден биігірек) жайпақ таулар деп аталады.
Лавалы немесе жанартаулы үстірттер — лавалы жамылғылармен көмкерілген қыраттар.
мұхиттық үстірттер немесе су асты үстіртері — біршама тегіс жербедермен сипатталатын, мұхит өңірінің ауқымды аймағын алып жатқан кыраттар жүйесі.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
Aiym_ 13.03.2014 Мектеп сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
...