0 дауыс
15.6k көрілді

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Ұлы Қытай қорғанының ұзындығы 885,8 шақырымды құрайды екен...) Толығырақ [мына жерден][1] оқи аласыз)


  [1]: http://www.bostandyk.almaty.kz/page.php?page_id=104&lang=2&news_id=3413
Қазақстанның шекарасынанда ұзын екен
0 дауыс
Ұлы Қытай қорғаны
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ұлы Қорған*
UNESCO World Heritage Site

State Party     Қытай
Type    Мәдениеттік
Criteria    i, ii, iii, iv, vi
Reference    438
Region    Asia-Pacific
Inscription history
Inscription    1987  (11-ші Session)
* Name as inscribed on World Heritage List.
 Region as classified by UNESCO.
«Ұлы Қорған» (дәст. қытайша: 長城; жеңіл. қытайша: 长城; пинйін: Chángchéng; «ұзын қала қорғаны») немесе (дәст. қытайша: 萬里長城; жеңіл. қытайша: 万里长城; пинйін: Wànlǐ Chángchéng; дәлме-дәлді «10 000 ли ұзынды қорған (里)¹») — Қытайдың Миң әулеті (1368—1644) тұсында салынған құрылыс.
«Ұлы Қорғанның» шығысы Ляудұңның Жолбарыс тауынан басталып, батысы Гансудағы Жяйүйгуанға дейін барады, жалпы ұзындығы 6700 км артық. 7 ғ. ЗБ дәуірден бастап 17 ғ. дейінгі 1000 жылда, жиыны 10 патшалық әулеті құрылыс салып, осы қорғанды жасаған.
Ұлы Қытай қорғаны (қытай Ваньли чанчэн – он мың шақырымдық қамал) – Қытайдағы ежелгі қорғаныс құрылысы. Қытай қорғанының құрылысы Қытай тарихындағы Чуньцю («Көктем және күз» б.з.б. 770 – 476 жылы) және Чжаньго («Жауласқан патшалықтар» б.з.б. 475 – 221 жылы) заманында салына бастаған. Ол кезде Хуанхэ алқабында жеті шағын патшалық жеке-дара өмір сүрді. Олар өздерінің солтүстігіндегі ғұн және дунху сияқты көшпелі тайпалардан қорғану үшін өз шекараларына қорғаныс қамалдарын тұрғыза бастады. Б.з.б. 221 жылы тұңғыш император Цинь Шихуанди өзге алты патшалықтың басын біріктіріп, біртұтас Қытай империясын құрды. Ол әр патшалық тұрғызған үзік-үзік қорғаныс қамалдарын бір-біріне жалғастырып салдырды. Оның ұзындығы 5000 километрге жетті. Хань империясы заманында қорған-қамалдар шығыста Ляодун түбегінен батыста Линьтаоға (қазіргі Ганьсу провинциясының жерінде) дейін жеткізілді. Қорғаныс қамалдарының бұзылып, бүлінген жерлерін Қытайды билеген әрбір патшалық жөндеп, қалпына келтіріп отырды. Әсіресе Мин әулеті солтүстігіндегі көршілері – шүршіттер (маньчжур) мен моңғолдардан қорғану үшін сол заманның ең озық техникасын пайдалана отырып, биік тау жоталары мен шатқалдарына және шөл далаға дейін қорғаныс қамалдары мен бекіністерін салдырып, қорғанды ұзарта түсті. Шығыста Бохай теңізінің жағасындағы Шаньхайгуань бекінісінен батыста Ганьсу провинциясындағы Цзяюйгуань бекінісіне дейін созылып жатқан қорғанның жалпы ұзындығы 10000 километрге жетті. Қытай қорғанының бүгінгі күнге дейін бүлінбей жеткен 5000 километрден астам бөлігі сол Мин дәуірінде жөнделіп, жаңадан тұрғызылған. Мұның негізгі бөліктерінің орташа биіктігі 7 – 8 метр, табанының ені 6,5 метр, үстіңгі жағының ені 5,8 метр. Қорғанның үстінде әр 100 метр сайын 2 – 3 қабаттан тұратын қарауыл мұнарасы салынған. Онда гарнизон сарбаздары тұрған, әрі қару-жарақ, оқ-дәрі сақталған. Ал қорғаныс шебінің ең маңызды деген тұстарында ірі бекіністер, ішкі өткелдер бар. Қорғанның ішкі, ал кейде сыртқы жағынан тау жоталарының үстіне аралары белгілі қашықтықты сақтай отырып салынған дабыл мұнараларында күндіз түтін түтетіп, түнде алау жағу арқылы бір-біріне белгі беріп отыратын болған. Осы тәсілмен бір сағаттың ішінде 500 километр алыс жерге әскери дабыл беріп, қауіп-қатерді хабарлай алған. Екі жарым мың жылдан астам тарихы бар Қытай қорғаны адамзаттың сәулет өнері тарихындағы ғажайып кереметтердің бірі. Ол Қытай тарихында белгілі дәрежеде әскери қорғаныстық және Ұлы Жібек жолындағы сауда-саттық байланысында қауіпсіздік рөлін атқарды. Алайда солтүстіктегі көшпелі жауынгер халықтарға ол ешқандай тосқауыл бола алған жоқ. Ғұндар, түріктер, қидандар, моңғолдар мен [[шүршіттер (маньчжурлер) қорғаннан өтіп, отырықшы елдермен емін-еркін саяси, мәдени және сауда байланыстарын жүргізді, әуелі олар Қытай жерінде Вэй (таб-ғаш), Ляо (қидан), Юань (моңғол), Цинь (маньчжур) империяларын құрып, Қытайды көптеген ғасыр биледі. 1961 жылы ҚХР үкіметі қорғанның көптеген тұстарын қайта қалпына келтіріп, мемлекет қорғауына алды, ал 1987 жылы ол адамзаттың мәдени құндылығы ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік мәдениет және табиғат ескерткіштері тізіміне кіргізілді.

Бейжің, Хыбый, Шанши, Гансу сияқты жерлердегі қорғанның орташа биіктігі 7—8 м, қорған үстінің кеңдігі 4—5 м. Қорған үстінде бақылау және атқылау қарауылы бар. Қорғанды бойлай, белгілі аралыққа белгі отын жағатын тұғыр орнатылған. Жау нышаны байқала қалса, күндіз түтін салып, түнде от жағып бір-біріне әскери белгі беретін болған. Осыған негізделіп «Ұлы Қорғанның» жәй қорған емес, өткел аузы, әскерлер тұрағы, от жағатын тұғыр түгел қамтылған әскери қорғаныс жүйесі екендігін білеміз.
Қорғанды салғанда, көбінесе, кірпіш жинап, тас қалаған, шыңдап дуал түйген.
[өңдеу]Чу

Ең ертедегісі 656 ЗБ ж. немесе одан көп бұрын салынған. Бұл Қытай тарихында Чұнчиу шидай деген кезеңіне тура келеді. Қытайдың орта және терістік бөлігінде көптеген ұсақ мемлекеттер болған, соның ішіндегі Чу мемлекеті жаудан қорғану үшін осы қорғанды салған. Әне содан бастап әр қайсы мемлекет қорған салып, қорғаныс орнатқан. Жасаған қорғандарының бірнеше жүз км ұзындығынан 1,­2 мың км дейін жеткен.
[өңдеу]Чин

221 ЗБ ж. Чин әулеті патшасы — Чин Шыхуаң Қытайды бірлікке келтіреді. Солтүстіктегі көшпенді ғұндар оңтүстікке жасаған шапқыншылығын бөгеу үшін, патша солтүстікте салынған ішінара қорғандарды бір-біріне тұтастыру бұйрығын түсіреді. Ол тұстағы қорғанның жалпы ұзындығы 5000 км жеткен әрі сол тұстан бастап «Ұлы Қорған» деп атала бастаған.
[өңдеу]Хан

Хан әулеті (206 ЗБ—220) тұсында, қытайлар мен ғұндар арасында үнемі соғыс болып тұрады да, Хан патшалығы «Ұлы Қорғанды» батысқа қарай соза түсіп, жалпы ұзындығын мөлшермен 10 мың км жеткізеді. Бұл ханзулар тарихындағы ең ұзын қорған есептелінеді. Хан патшалығының бұлай істеуі, жаңа ашылған «Жібек Жолын» қорғау үшін де еді.


«Ұлы Қорған» фотосуреті
1987 ж. «Ұлы Қорған» мәдениеттік дүние мұрағатына кіргізілді.
0 дауыс

ұзындығы 885,8 шақырым

0 дауыс
6700 км ге дейін жеткен. Оны Цин Ши Хуанди салдыртты

Ұқсас сұрақтар

...