1. Адам адамнан оза алмайды, озу да міндетті емес. Себебі, өмір жарыс емес.
2. Халықты түземейді, тұтас халықтың ағаттық жіберуі мүмкін емес. Тек тура жолға бастау керек.
3. Көпшілік айтқан ерлік, шешендік, адалдық, т.б қасиеттер ұмытылып бара жатқан жоқ. Әр қазақтың қанында әлі де бар. Егер бәрі ұмытылып бара жатса, онда азғындаған ұлт болғанымыз ғой. Әр дәуірдегі ұрпақтың ерекшелігі, өзгерісі болды. Соны реалистік тұрғыда қабылдай білу керек.