+4 дауыс
2.3k көрілді
1-Адам адамнан несімен озады?
2-Халықты түзеймін деген адамға не қажет?
3-Ата-бабаның ұмытылып бара жатқан екі мінезі?

21 жауап

+4 дауыс
1-Біліммен озады,,,  2-ақыл,,,
+3 дауыс
1. Білімді бәрінен озады
2. Біреуді түзеймін деген ниеттің өзі түзелсін деген бар
3. Бұл сауал турасында ойланып көрмеппін
+5 дауыс
1. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

    Сонда толық боласың елден бөлек.
2. Өзі секілді достар.

3.  Шешендік пен терең ойлылық болар...
Сіз 39-сөзді меңзеген шығарсыз. Бірақ ол жерде Абай өз заманын айтқан. Билік пен намысқорлық жайлы. Ал мен Сол Абайдан бергіні айтам.
1 спам
+2 дауыс
1. ақылмен,
2. халықты түзеуді өзіңнен баста.
3.  ...
+1 дауыс
1.Білімімен
2.Біреуді түземей тұрып, адам өзін түзеп алуы керек
3.Батылдығы, шешендігі
+1 дауыс
Адам адаммен білімі арқылы озады,
Халықты түзеу үшін  көшбасшылық, бірсөзділік, білімділік қасиеттері маңызды
Сөзге тоқтау,  Имандылық
+1 дауыс
1) адам адамнан бiлiмдiлiгiмен озады;
2) халықты түзеуге жетiспейтiн нәрсе демократияның шектеулiлiгi, әдiлетсiздiк;
3)аңыздағы "аяз би әлiңдi бiл, құмырсқа жолыңды бiл" (бұрынғы қазақ құлға да мейiрiммен қараған) деп ескi шапанды босағаға iлiп қоюды ұмытқан сияқтымыз және ұмытылып бара жатқан мiнез-ол жақсылыққа жақсылықпен жауап қайтару деп ойлаймын.
+6 дауыс
1. Абайша айтсақ: Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады, Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің 6әpi де ақымақшылық.
2. Халықты түзеу үшін халықты бос қоймау керек, олардың жағдайы жақсы болуы керек, әрі белгілі бір қызметпен қамтамасыз етілуі керек.
3. Айтыс, суырып салмалық, батырлық(батылдық) ( нақты ойым жоқ)
Міне жауап қосыламын.!
Белгісіз
0 дауыс
1. ақша байлығымен
2. мықты бір жерде крыша
3. ескілік пен ұялшақтық
+1 дауыс
1. "Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақшылық." деген екен Абай Құнанбаев атамыз)
2. Халықты түзейтін адам мінсіз болуы керек. Сондықтан ең алдымен өзін дұрыстап алғаны абзал)
3. Әділдік, шынайылық деп ойлаймын)
0 дауыс
ақылдылығымен, ерекше қабілетімен, парасаттылығымен, адамгершілігімен!
халықты түзейтін адамға ең бірінші өзіне деген сенімділік керек!
Сыпайылық және сабырлық!
0 дауыс
1.жан байлығымен!!!
2.халықты түзеймін деген адамға сабырлық,күш,түсініспеушілік қажет,халыққа дұрыс жол көрсету керек.
3.сұрағыңызды дұрыс түсінген жоқпын
0 дауыс
Адам адамнан білімімен озбайды. Адам адамнан АҚЫЛЫМЕН озады. Ақыл мен білім бір нәрсе емес. Адам адамды білімділігі , сұлулығы немесе мінезі үшін ұнатуы мүмкін, бірақ ең бастысы - ақыл.
0 дауыс
1 Адам адамнан білімімен озады.
2 Халықты түзеймін деген адамға (соның ішінде Қазақты) шегі жоқ байлық немесе шегі жоқ билік керек. Анықтамасын Абай хәкім қара сөздерінде берген (нақты қай сөзі есімде жоқ).
3 Сөзге тоқтау және сөзге тоқтата білу.
0 дауыс
1.адам адамнан білімділігімен, адалдылығымен,тәрбиелігімен озады
2.негізі жақсы жолдас, асқан білім қажет. ал қазіргі заманда ақша мен таныс болса болды.
3. қайсарлық пен адалдық
...