+1 дауыс
1.0k көрілді
Казнеттің жабылғанын бәрімізде білетін шығармыз.Namba.kz сайтының кинозал,музыка,файл бөлімдері жабылды.
Сұрағым:Казнеттің жабылғаны дұрыс деп ойлайсызба?!
![description][1]


  [1]:

4 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Әлі де дұрыс түсінбейтіндігіміз, ақпаратты дұрыс қабылдауда шорқақ екендігімізді көргенде ішің ашиды екен. Көп қолданушылар сайтың жабылайын деп жатыр ма деген сұрақ қойып жатыр. Интернетте немесе яки теледидарда күнде қайта-қайта хабарлап жатқан ақпаратты байыбына барып асықпай түсініп алып, сосын шу шығарсаңыздар жарасады. Ал мынау сұрақтарыңыз, тіпті қисынға сыймайды. Алдымен былай айтайын кім айтты сол Намбаның өзі ҚазНет-деп. Мен өз басым ҚазНеттің бір сайты деп те санамаймын. Қазақстандағы орыстарға қызмет ететін сайттың бірі деп санаймын. Данияр тамаша айып өтті, ҚазНет ол .kz доменінде тіркелген сайттар мен сол сайттарға шығуға мүмкіндік беретін провайдерлер жиынтығы болып табылады. Ол заң тек авторлық құқықты бұзатын ақпаратты тарататын сайттар, торрент сайттар, файл алмасу сайттарына қатысты болмақ. Біздің сайт тек нақты контентке бағытталған, біз өзімізде ешқандай ән, кино немесе біреудің авторлық құқығындағы құжатты тарататын сайт емеспіз, сондықтан бұл заңның бізге ешқандай зияны жоқ. Тағы да бәр айта кететін жайт, сіз файлды интернеттен жүктеп алып оны көрсеңіз ол үшін жауапқа тарта бермейді. Ал сіз сол кино немесе әнді жүктеп алып өзіңіз ғана көріп қана қоймай, достарыңызға таратып, дисктерге көшіріп басып одан пайда табатын болсаңыз онда сізді міндетті түрде құқық қорғау органдары ұстап алып заңмен көрсетілген шараларды қолданады.
–1 дауыс
Егер сондай Заң шығарса дұрыс деп ойлаймын.... Бәрібір заңға ешкім қарсы шыға алмайды ғой... Негізі бұл да дұрыс шығар... Біреудін затын интернетке онын рұқсатынсыз жарияласа жаман ғой... Әйтеуір Ликвиадаторды әрең көрдік қой интернетте..
Казнет жабылды дегенде жаман жыным келді.Неге жапты сонда оны?!Одан зиян көріп жатырма?!
Белгісіз
Жоқ... Негізі біреу киноны өзінің адал еңбегімен, қара терімен түсіріп сатылымға шығарса басқа біреулер сатып алады... Сосын сол киноны интернетке жарнамалай салады.. Сосын ол киноны ешкім алмай қояды.. Бұл обал ғой... Негізі интернетте де WIndows XP. VISTA. Windows 7 деген ОЖ тұрады... Негізі олар интернеттегілер ПИРАТСКИЙ болып келеді...  Міне солай... Сол үшін жапты ҚазНетті.
0 дауыс
әрине жоқ, мақұлдамаймын бұл заңды. Қазақстандағы интернеттін дамуын нашарлатады
+2 дауыс
Сендер не Қазнет деген сөздің мағынасын білмейсіңдер ме!? Қазнет  — қазақстандық kz жоғары домендік атауын қолданушы Қазақстан аумағында орналасқан хостингтердің және сондай-ақ интернет желісін қамтамасыз ететін (провайдер, оператор т.б.) инфрақұрылымдар мен ақпараттық технологиялардың жиынтығы. Қазнет "жабылмайды"!!!  Егер түсінсеңіздер жабылу деген ұғым Қазнетке мүлде қатысты емес.  Ал жоғарыдағы суреттегі (с) белгісі - авторлық құқық деген  мағынаға ие. Біздегі шыққан заң ол авторлық және сабақтас құқықтарға енгізілген өзгерістер, яғни интернеттегі біреудің авторлық құқығын бұзатын файлдарға шектеу қою! Файлайырықтардың жабылу себебі ондағы заңсыз жүктелген кинофильмдер мен әуендер...
Данияр азаматсың, өте жақсы түсіндірдің.

Ұқсас сұрақтар

...