Әлі де дұрыс түсінбейтіндігіміз, ақпаратты дұрыс қабылдауда шорқақ екендігімізді көргенде ішің ашиды екен. Көп қолданушылар сайтың жабылайын деп жатыр ма деген сұрақ қойып жатыр. Интернетте немесе яки теледидарда күнде қайта-қайта хабарлап жатқан ақпаратты байыбына барып асықпай түсініп алып, сосын шу шығарсаңыздар жарасады. Ал мынау сұрақтарыңыз, тіпті қисынға сыймайды. Алдымен былай айтайын кім айтты сол Намбаның өзі ҚазНет-деп. Мен өз басым ҚазНеттің бір сайты деп те санамаймын. Қазақстандағы орыстарға қызмет ететін сайттың бірі деп санаймын. Данияр тамаша айып өтті, ҚазНет ол .kz доменінде тіркелген сайттар мен сол сайттарға шығуға мүмкіндік беретін провайдерлер жиынтығы болып табылады. Ол заң тек авторлық құқықты бұзатын ақпаратты тарататын сайттар, торрент сайттар, файл алмасу сайттарына қатысты болмақ. Біздің сайт тек нақты контентке бағытталған, біз өзімізде ешқандай ән, кино немесе біреудің авторлық құқығындағы құжатты тарататын сайт емеспіз, сондықтан бұл заңның бізге ешқандай зияны жоқ. Тағы да бәр айта кететін жайт, сіз файлды интернеттен жүктеп алып оны көрсеңіз ол үшін жауапқа тарта бермейді. Ал сіз сол кино немесе әнді жүктеп алып өзіңіз ғана көріп қана қоймай, достарыңызға таратып, дисктерге көшіріп басып одан пайда табатын болсаңыз онда сізді міндетті түрде құқық қорғау органдары ұстап алып заңмен көрсетілген шараларды қолданады.