Бірінші мүшелі жас кішкентайдың туылғанынан бастап бірге толғанда болады, 1 + 12 = 13 жас - екінші мүшел болып саналады, өйткені адам баласы туғаннан кейін он екі айдың ішінде бұл дүниеден барлық қалған өмірін бірге қосып алғанда да асып түсетін жаңалық, тәжірибе алады. Және баланың бірінші жылы ең қауіпті болып саналады. Осы себептерден оның бірге толғанша әр сүрген айы бір жылға теңеледі. Бұны ескере отырып, неге екінші мүшел 13 жаста болатыны анықталады.