0 дауыс
563 көрілді
Қазақша жыл тізбесіндегі 12 мүшелдің бірі Ұлу атты жаныуар, ол беп белгілі бөрі қасқырды меңзеп тұр емес бе ?!
Ит үреді, Бөрі ұлиды дейміз. ұлиды сөз тіркесдегі Ұли сөзінің есімдік сөзі Ұлу болмай ма  ?! бөрінің айрықша қылығы -- Ұлу арқылы бөрі қасқырды астыртын меңзең отыр .
Бұнда, төте бөрі қасқыр деп атамауға деген ырым бар сийақты. Бөрі қасқыр малға тисетін бірден бір жыртқыш қой, қырғын салады. Бөрі қасқырға деген қорқыныштан бөрі қасқыр жылы деп ауызға алудан бастартып, Ұлу деп атайды.  содан мүшелдегісі бөрі қасқыр емес ұлу болып қалыптасқан.
Ал, енді келіп, мүшелдегі ұлуы, құрт деп ұққаны несі  ?  
Менше, сол құрттың атауы әсілі Үл түбірден болса керек, үл мен ұл екі сөздерді орыс тілді зийали сымақтар шатастырып отыр.  Үл түбірлі сөздерде Үлбіре, үлдіре, үлпен,  үлпілдек т. б.  Жұмсақ тәрізді мағынадағы сөздер бар,  сол құрт дәл жұмсақ жантік еді,  әсілгі атауы Үл түбірдегі сөз болса керек.
Онсыз да,  12 жаныуарда Бір құрт болудың өзі қыйсынға келмейтіні анық.
Сонда,  ұлуны кім Үлбірек құрт қып жіберген  ?

1 жауап

0 дауыс

Қазақ халқында жыл санаудың негізіне мүшел алынады. Бір мүшел 12 жылдан тұрады. Жыл есебін бұлай жүргізу - ежелгі кезден басталған. Мүшелдік жыл санау - тышқан жылынан бастау алады.

Мүшелдегі жылдар 12 түрлі жануардың атымен аталады: 1 – тышқан, 2 – сиыр, 3 – барыс, 4 – қоян, 5 – ұлу, 6 – жылан, 7 – жылқы, 8 – қой, 9 – мешін, 10 – тауық, 11 – ит, 12 – доңыз жылы. Бұлардың алтауы – үй жануары, алтауы – түз тағысы.

Жыл аттары не себепті жануарлардың атымен аталатыны және жыл басы неге тышқаннан басталатыны туралы халық арасында аңыз-ертегі бар. 12 жылдық қайталама негізінде мүшелмен жыл есебін жүргізуді қазақ халқы «жыл қайыру» деп атайды.

Аңыз бойынша осы он екі  жануар жыл атына ие болуға таласқан. Сонда тышқан тұрып: «Дауласатын дәнеңе жоқ, таңертең бәріміз  шығып келе жатқан күнді аңдимыз. Сонда күннің көтеріліп келе жатқанын кім бірінші көрсе, сол - бірінші жылдың, одан кейін  көргеніміз екінші жылдың атын аламыз. Осылай өз кезегімізбен барлық жылды бөліп аламыз», - деп ұсыныс жасаған.

Бұған келіскен жануарлар демалып жатқанда тышқан  түйенің басына шығып алады. Осылайша ол күнді бәрінен бұрын көріп, жыл басы атанған. Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты деседі. 
Түйені санаттан қалдырмайтын да аңыз бар. Аңыз бойынша, жануарлардың бәрі жиналып, түйенің мүшелерін бөлісіп алған. Шынында да, түйенің құлағы - тышқандікіндей, тұяғы - сиырдікіндей, кеудесі - барыстікіндей, ерні - қояндікіндей, мойны - жыландікіндей, шудасы - жылқының жалындай, жоны-  қойдікіндей, бөксесі - мешіндікіндей, төбесі - тауықтікіндей, сандары - иттікіндей, құйрығы -  доңыздікіндей емес пе?!  

Толығырақ: https://qazaqstan.tv/news/83103/

...