Сұрақ өте маңызды, тура қойылған. Негізі қазақ жастары қай спорт түрінен болса да алғырлығы,шыдамдылық,шапшаңдық,техникалык.тактикалық жағынан болсын ешбір елдің жастарынан кем емес.
Осы жағынан қарастырсақ болашақта бізде спорттың барлық түрі дамиды. Жекелеп айтсақ Бокс,Футбол,Хоккей,Теннис,Шахмат,Күрес. Осы аталған спорт түрлері көпшілік жастардың қызығушылығын тудырады. Әрине футбол,хоккей,теннис сияқты спорт түрлерінде легионерлердің үлес салмағы бастапқы жылдары едеуір болмағы ақиқат.Ал бокс,күрес,шахмат біздің спорт брендіміз болар деп ойлаймын.Мемлекет тарапынан қолдаулар бар сияқты, бұрынғымен салыстырмалы түрде , бірақ әліде жеткілікті дәрежеде емес.Спортта да жоғарғы басшылық,спорт кешендері бәрі құрметті коррупцияның құрсауында.