+2 дауыс
10.2k көрілді

7 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Бейнеу ауданы – Маңғыстау облысының солтүстігіндегі әкімшілік бөлік. 1973 ж. құрылған. Аудан орталығы - Бейнеу селосы. Ақтаудан Бейнеуге дейінгі арақашықтық - 470 км., аудан көлемі 40,5 мың км2 тең. 2005 жылдың 1 қаңтарына ауданда 34,6 мың адам тұрған. Аудан құрамында 10 ауыл кіретін 12 ауыл әкімшілігі бар. Аудан экономикасы ауыл шаруашылығымен айналысады. Толығырақ мына жерден қарай аласыз:
http://kk.m.wikipedia.org/wiki/Бейнеу_ауданы
керемет жауап +1
Белгісіз
+1 дауыс
бейнеу ауданы туралы мен білем маңғыстаудың ішіндегі атырау облысы жагында орналасқан аудан ол жақта көп болғам жалпы үлкен аудан ..Бұл саған не үшін керек еді,,,
+1 дауыс
Жауап жазғандарға алланың нұры жаусын рахмет
0 дауыс
> Бейнеу ауданы

 – Маңғыстау облысының солтүстігіндегі жатқан  аудан, 1973 ж. құрылған. Аудан орталығы - Бейнеу селосы. Аудан көлемі 40,5 мың км2 тең. Бүгінгі таңда, 27.12.2012 жыл, ауданда 57,8 мың адам тұрады. Аудан құрамында 10 ауыл кіретін 12 ауыл әкімшілігі бар. Аудан экономикасы ауыл шаруашылығымен айналысады. Маңғыстау облысындағы шалғайда жатқан елді-мекен, тоғыз жолдың торабы. Атыраудан Бейнеуге дейін 487 км, Ақтаудан Бейнеуге дейінгі арақашықтық - 470 км, Өзбекстанмен әскери шекараға дейін 95 км. Село абаттандырылған, көшелері жарықтандырылып, бағдаршамдар орнатылған.  Қонақ үй мейманханалар, бәсекелес мейрамханалар, демалыс паркі, салауатты өмір салтын қолдайтын спорттық клубтар, теннис корты  қызмет етеді. аудан аумағында өндірістік ірі кәсіпорындардан құрылысқа қажетті тастар шығаратын карьерлер, ұн зауыты және мұнай айдау компаниялары орналасқан.
Орталықтан 18 км қашықтық жерде ескі Бейнеу елді мекені бар, онда Пір  Бекет атаның жерасты мешіті орналасқан.
0 дауыс
Қазір халық 50,000 нан асып кетті. Мен сол айтылып отқан Бейнеу ауданында тұрамын.
0 дауыс
Бейнеу ді естідім бірақ барып көрмеппін және біздің ауылдан Сексеуіл-Бейнеу деген темір жол тартылып жатыр
Сексеуілде халық саны қанша?
бізде ме 12000 болу керек
Жылдан жылға дамып келе жатыр ғой
+2 дауыс
http://files.mangystau.gov.kz/uploads/images/afqc,e__a0788fd25ff350350644c8c6198e9093.jpg Қазақ елі тәуелсіздік алған тұста Бей­неу ауданы Қазақ КСР Ми­нистрлер Кеңе­сі­­нің 1989 жыл­ғы 10 сәуірдегі №124 қаулы­сына сай рес­публикадағы әлеу­меттік дамуы артта қалған 30 ауданның санатына енгізілген, негізінен мал шаруа­шы­лығы­мен айналысатын, 24,4 мың тұрғыны бар, облыс орталығынан 500 км. шалғайда жатқан шағын аудан болатын. Ол кезде ауданның өз табысы қажеті­нің үштен бірі­не ғана жететін. Халқының 87%-ы “Астра­хан-Маңғыш­лақ” су құбы­ры­ның бо­йын­дағы ауыз су түгілі мал суара­тын су да шықпайтын шөлейт аймақта орна­ласқан. Тәуелсіздік жылдарында аудан халқы екі есе өсіп, 48,3 мыңға жет­ті. Өткен жылы туған бала саны еліміз егемендік алған 1991 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге көбейді, шетінегені 2,5 есе азайды. Жаңадан 5 ауылдық округ құ­рыл­ды. Ауылдардағы мектеп, бала­бақша, дәрі­герлік қызмет көрсету орындары қалпы­на келтіріліп, теледидар мен теле­фон байла­нысы орнатылды, су резервуар­лары са­лы­­­нып, су тазартатын қондыр­ғы­лар қойыл­ды. “Бейнеу-Сыңғыр­лау”, “Сың­ғыр­лау-Ақ­жігіт”, “Қа­ра­ғайлы-Сам”, “Сам-Тұрыш”, “Қа­ра­ғайлы-Ноғайты” су құбыр­лары тартылды. “Бейнеу бөгеті” тұрғы­­зылып, орта­лыққа дейін 8,4 км. құбыр жүргізі­ліп, мал суара­тын арнайы суат салынды. Ел был­тырдан бері құты­ға құйылған “Қарағайлы” шипалы суын тұтына бастады.  1991 жылы аудан орталығы газ­дан­дырыла бастаса, 2001 жыл­дың күзінде орталықтан 72 км. қа­шық­тықтағы Тұрыш елді мекеніне та­биғи газ келді. Сөйтіп, кезең қиын­­дығы мен қаржы тапшылы­ғына қарамастан, негізінен халық пен демеушілердің қаражатына жаңа ғасыр басында аудан, облыста ал­ғаш­қы болып толықтай газдан­ды­рылды. Бұл басқасын айтпаған­­да, отын проблемасын түбегейлі шеш­ті, бұрынғы жылуы жоқ, шығыны көп орталық қазандықтар мен өзі қымбат, тасымалы қиын көмірден құтқарды. Жаңадан 6 орта, 1 бастауыш мек­­теп ашыл­ды, 4 орталау мектеп орта мектеп бо­лып қайта құрылды, 11 мектепке спорт залы, 12 мек­тепке 138 сыныптық қосым­ша құры­­лыс салынды. Қазір аудан­дағы 22 білім беру мекемесінде 12005 бала оқиды. Лицей мен гимназия­ның үздік оқитын 22 оқушысына аудан әкімінің арнайы стипендиясы тағайындалды. 2007 жылы Бейнеуде мүмкін­дігі шек­теулі балалар үшін “Пси­холо­гия­лық-педа­го­гикалық оңалту ка­би­неті” ашылып, оған лицейдің жаңа­дан салынған ғылы­ми-әдіс­те­мелік орталағының ғимараты уа­қыт­ша берілді. Бұл мекемеге кә­сіп­тік мек­­теп­тің қазіргі ғимара­тын беру жос­пар­ланған. Өкінішке қа­рай, былтыр бас­талуға тиісті құны 744,5 млн. теңге бола­тын кәсіптік лицей­дің 200 орындық жа­тақ­хана­сы бар жаңа оқу кор­пусын салу қаржы дағ­дарысына байланысты Үкі­меттің шешімімен кейінге қалды­рылды. Аудан тұрғындарына 84 дәрігер мен 283 арнаулы орта білімді ма­ман 32 ма­ман­дық бойынша қыз­­мет көрсетеді, мем­лекеттік 3 ауру­хана, 5 емхана, 4 дәрі­гер­лік амбу­латория, 5 медпункт, жеке­меншік 4 дәріхана мен 11 дәріхана­лық пункт, 10 тіс ем­дейтін кабинет, үш дез­инфек­ция­лық мекеме, 10 төсек­тік емдеу орны бар невроло­гиялық кабинет жұмыс істейді. Тұрыш, Сам, Төлеп ауыл­да­рын­да тип­тік жобадағы емдеу орын­дары тұрғы­зылып, Ноғайты­дағы мед­пункт жаңа ғи­маратқа көшіріл­ді. Аудан орталығында 40 орындық перзент­хананың құры­лысы басталды. Облыс орталығынан 600 км. қашық­тықта орналасқан Боран­құл­дағы ауыл­дық аурухана 2005 жылы жедел жәрдем бөлімшесі бар аудан­дық аурухана болып қайта құрыл­ды. Өткен жылы облыс бойынша “Жылдың үздік ауруханасы” атағын жеңіп алған бұл емдеу орнына былтыр демеу­ші­лер қаржысына 20 төсек­тік жаңа ғимарат салынып, пайда­лануға берілді. Аурухананың бұрынғы ғима­ратын емхана етіп қайта жарақтан­дыру үстіміз­дегі жылдың жоспарына енгізілді. Бейнеуде 100 орындық “Сауық­­тыру балабақшасы” жұмыс істейді, Боранқұл балабақшасында 25 балалық “Сауықтыру тобы” бар. Ауданда 3 мәдениет үйі, 8 ауыл­­дық клуб, 12 кітапхана, 5 мұра­жай, 2 стадион, 20 спортзал, 19 спорт алаңы жұмыс істейді. “Алтыбақан” этнографиялық ән-би ансамблі, “Арай” вокалды-аспапты ансамблі мен “Жау­қа­зын” би ансамблі, Ақ­жігіт драма ұжымы тұрғындарға мәдени қыз­мет көрсетеді, 6 спорт ше­бері мен 23 спорт шеберлігіне үміткер бар. Инвесторлар қаржысына Бо­ран­құлда 200 орындық клуб, Бей­неуде 60 орындық “Телетеатр” салынды. Бейнеу ауданы әкiмдiгiнiң сайты http://beineu.mangystau.gov.kz/kz
...