+1 дауыс
Маған осы нан қалай жасалады, қалай пайда болғаны туралы айтып берсе екен!
22.03.2011 4.1k қаралым

5 жауап

+4 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Күнбе нан деп Қазақстанның басқа жақтарында айтады. Ал оңтүстік жақтарда яғни Шымкент жақта Таба нан  деп айтады. Кәдімгі шелпекке дайындағандай қамыр дайындап, нанды ашытады кейін көтеріліп, жұмсақ болып пісуі үшін. Ұнды түнде ашытып, азанға дейін ашытып қояды. Алдымен сиырдың қиынан жасалған тезегін майдалап оған от қояды, ол тезек жоқ секілді жанған кезде кесеумен тезекті майдалап үстіне тапаның бір бетіне қамырдан салып, жайып оның үсін тағы да бір тапамен жабады. Соны шоқтың үсіне қойып, үстін де тезекпен қалап тастайды. Ыстық шоққа нан піседі. Дәмі ерекше тойымды көшпелі қазақтың наны дайын болады. 

Таба - дегеніміз леген сияқты формасы темірден жасалған зат. Қалың болып келеді легенге қарағанда.

Тезек -малдың қиынан жасалынатын отынның түрі. Лезде жанып кетпей бықсып жанатын отын. Тапа нан пісіргенде пайдалынады.

Кесеу - Темірді иіп тапаны қысатын  құрал. Оның көмегімен тезекті бөліп, тапаны ыңғайына лайықтап қою үшін қолданылады.

22.03.2011
Тамаша, толыққанды жауап.
+4 дауыс
Табаға салынып пісірілген нан!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
22.03.2011
+6 дауыс

"Тапа" емес, "таба" сияқты ғой.

23.03.2011
+5 дауыс
Оттың шоғына табаға салынып пісірілетін нан!
16.06.2011
Ыстық таба нанды  сарымайға шылап жесең ғоо, қайран апам ойыма түсіп кетті!
VK айтқандай обжора екенсің ғо))
+5 дауыс
Табаның табанына шыжық майдан салып жіберсе де болады. Негізі қамырды табаны майлап барып салады ғой. Дәмділігі сондай бір рет телебезер көріп отырып жарты табаны жалғыз жеп қойғам )))
03.09.2011
обжора)))
Ол абжоралыққа жатпайды е ))) Байқамай қалғам ғой.
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы