0 дауыс
744 көрілді
Валинтина күнін қазіргі таңда ғашықтар күні деп тойланып жүр ал сол күннің тарихын білесіздер ме?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
http://www.kazakh.ru/talk/mmess.phtml?idt=12047   -осында да керемет талқыланыпты....

Валентин күні қандай күн?!.
Тарих...

 

 Ерте заманда, дәлірек айтқанда 469 жылы Рим императоры Геласиустың жарлығымен 14 ақпан «Әулие Валентин күні» деп жарияланады. Бұған себеп: әлгі опасыз оңбаған Валентиннің отанын қорғаудан қашып, әскерге бармау үшін үйленетіндердің некесін жасырын қиып, «қиналғандарға» «қол ұшын берген» «ерлігі» әшкереленіп, басы шабылған осы күнді әспеттеу.

 

Зиян...

 

Аталарымыздан аманат болып қалған дініміз Ислам екенін естен шығарып, жылтыраққа жабысқан жас баладай біреудің қаңсығын таңсық көріп ел жұртта болмаған «ерлік» көрсетіп жүрген жағдайымыз бар. Әзірге дәл осы «ғашықтар күнінің» зиянын, яғни қанша бойжеткеннің осы күні абыройынан айрылатынын, «ғашығына» қолы жетпеген қанша жігіттің дәл осы күннің қызуымен тамырын кесіп, ауруханаға түскенін, немесе балконнан секіріп опат болғанын, осы күннің «құрметіне» жасалған дискотекаларда уыздай жастарымыздың қаншасы нашамен уланғанын, «тойдағы» төбелесте қанша бас жарылып, қанша көз шыққанын ешкім есептемеген сыңайлы... Есептесе ондай оқиғалардың көптігінен көз сүрініп, санынан жаңылары анық.

 

 

Пайда...(?)

 

Есесіне «пайдасы» туралы ақпарат бар. Еуропалық еріккен ессіз еркектер осы күнге орай Кения, Эквадор, Колумбия елдерінен бір ғана Люфтганза Карго компаниясы арқылы бір миллион тонна раушан гүлін жеткізуге тапсырыс береді екен. АҚШ-қа күніне 25 рейске дейін ұшақпен гүл тасымалданады да, осы күндері колумбиялық гүл өсірушілер жылдық табыстың 30 пайызына (!) қол жеткізеді деген ақпарат бар. Осы күн қарсаңында американдық антұрғандар 108 миллион тал қызыл раушан гүлін сатып алып, кәмпиттің өзіне 692 миллион доллар жұмсайды екен. «Мысыққа ойын керек, тышқанға өмір керектің» дәл өзі дерсің. Аузы қисық болса да сөйлеп үйреніп қалған байдың балаларына не дерсің... Тоңып секірген, ашқұрсақ ағайынына ас апарып бергеннің орнына біздің заманның бай балалары да түк білмегендей теріс қарап, тойып секіруді таңдайтын тәрізді...

 

 

 

 

Мереке ме, келеке ме?...

 

Ал дәл осы күннің кесірінен абыройынан айрылған қарындастардың өмір бойғы өксігі мен жан жарасын ойласақ, осынау күнді қызылды жасыл құттықтау қағаздары мен раушан гүлдері, шоколад, шампан, би мен әнге толы дүбірлі мереке емес, қаралы күн дегеніміз дұрыс па деп қаласың...

Сорақысы сол, осынау жаппай жыныстық жабайылыққа жетелейтін «мерекені» мектептеріміз бен жоғары оқу орындарымыз да алдарына жан салмай атап өтіп бағып жатады. Өліп кеткен өзге дін өкілі Валентин әкейдің әруағына тағзым етіп жүр ме, сектаның сойылын соғып жүр ме, әлде мысық махаббатпен мауқын басып жүр ме, түсінбейсің... Тіпті түлен түртіп, осы күнді жаппай халықтық мереке деңгейінде көргісі келетін компаниялар да көбейіп келеді. Байланыс саласындағылар 14 ақпан күні абоненттеріне 14 тегін sms сыйлайтынымен сүйіншілесе, саяхат компаниялары көңілдесіңізбен көпке көрінбей көңіл көтеруіңізге көмектесіп, осы күні шет ел асып қайтуға билеттерді арзандатып, ақылдан алжасып, азғындауға апаратын «айтулы меркені» атап өтуге атсалысуда.

 

Ал енді осы мерекеге асыл дініміз не дейді?

 

Әрине жамандыққа жеткізер жолдарды жарнамалауды Жаратушымыз жақтамасы жалпақ жұртқа жасырын емес. «Ғашықтар күні» деп сырт көзге сыпайы суреттелгенімен, сыпайы емес сұмпайы екенін бүгін біліп тиым салмасақ, ертеңгі күні опық жегізері сөзсіз.

Ал, жалпы алғанда Ислам діні махаббатқа қарсы дін емес. Аллаһ Тағала Қасиетті Құранның Мүминун cүресінде:

«Алланың құдіретінің белгілерінің бірі сендерге өздеріңнен жұбайлар жаратты. Және сендердің араларыңда сүйіспеншілік пен мейірім жасады...»дейді. Бірақ, махаббат деген тек қана екі жыныс арасындағы ынтықтық деп түсінетіндер қатты қателеседі...Сонда махаббаттың басқа қандай түрі болуы мүмкін?
0 дауыс
Ия, ол күні екі ғашық қосыла алмаған деседі, бірақ жастар оны ойлаймай-ақ тойлап жүрген сияқты!!!
...