Маған қызыл түс және ақ түс ұнайды.
Себебі қызыл түс - түстердің ішіндегі ең жылы түс. Бұл түсті сөзшең адамдар таңдайды, және еркектердің көпшілігіне ұнайды. Екінші жағынан қызыл түс күш пен қызбалықтың белгісі. Қызыл раушан гүлі махаббаттың белгісі, ал қызыл планета Марс – соғыс құдайы ретінде танымал.
Қызыл түс жүрекпен байланысты, жүрек жылуы мен жалынды от белгісі. Қызыл – бұл қанның түсі, өмір белгісі. Қызыл – бұл құштарлық пен қалау белгісі.
Ал ақ түс - қайырымдылық пен пәктіктің түсі. Әлемнің көптеген елдердінде қалыңдық ақ киім киеді, сондай-ақ кейбір салт-дәстүрлерде ақ түсті жерлеу рәсімдерінде пайдаланады. Ақ маргаритка – бұл өз-ара махаббат белгісі.Жалпы ақ түс емес, ол көптеген түстердің жиынтығы. Сондықтан ақ – бұл қуат синтезі.Ақ түс жолыңызды ашып, кедергілерді жояды. Ақ түс – бұл кез-келген бағыттағы дамудың жаңа бастама белгісі.