+1 дауыс
786 көрілді
Неге глобус бір жағына сәл қисайып тұрады?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Жер планетасы негізінен 23 градусқа қисайып қиғаш тұрады. Мұның өзі жер бетіндегі жыл мезгілдердің
ретімен келуіне мүмкіншілік жасайды. Егер жер планетасы 23 градустық өлшеммен қисаймай, түп-түзу тұрған болса мұхиттардан көтерілген булар солтүстік пен оңтүстікке ығысып, құрлықтарды мұз
басар еді (Оқырмандарымызға жердің қисайып тұруы деген сөзіміз түсініксіз келуі мүмкін. Егер қолыңызға глобусты алып қарасаңыз бәрі де бірден түсінікті болады: глобус түзу тұр ма, әлде қисайып тұр ма?). Ал ай жерге қазіргі қалыпты қашықтығынан 50 мың миль (1 мильде 1848 метр бар) ғана алысырақ болса, жер бетіндегі тіршілік астаң-кестеңі шығып, барлық құрлық атаулы күніне екі реттен су астында қалып, таулар көпке шыдамай үгітіліп кеткен болар еді.
Егер жердің сыртқы қабаты 10 қарыс қалың болғанда, оттегі жетпей өсімдік атаулыдан жұрдай боламыз. Ал енді керісінше ғаламшардың сыртын қоршап тұрған атмосфера қабаты қазіргісіне қарағанда жұқа болғанда күніне миллиондаған метеориттар жер планетасына қақтығысып, жер бетінің түкпір-түкпірінде өрт қаптар еді.
МашаАллаһ мынау морриссонның айтқандары емеспа? американдық ғалымға ислам дінін қабылдатқан 7 себептің біреуі осы екен мыс
+1 дауыс
бір жағында қытайлар тұратын шығар олар көөөп кой)))
Қатырдың!!!!!!!!!!!!!!!
...