+1 дауыс
14.0k көрілді
Жігерлілік,қайсарлыққа байланысты мақал-мәтелдер тауып беріңіздерші?(бірінші болып жауап жазған адамға,жақсы жауапты басамын)

1 жауап

–1 дауыс
 
Жақсы жауап
Батырлық, қайсарлық, тәуекелшілдік, қажырлылық, жігерлілік
1. Ел ұлсыз болмас, жер гүлсіз болмас.

2. Батыр туса - ел ырысы,
            Жаңбыр жауса - жер ырысы.

3. Еліңді сүйсең, ерлік істейсің.

4. Қылышты қорқақты,
           Сойылды батыр соғып алады.

5. Батырға оқ дарымайды,
            Батылға жау жоламайды.

6. Жауынгерге жара да жарасады.

7. Қаһарлы қамал бұзады.

8. Малы жоқ деп, ерден түңілме,
           Шөбі жоқ деп, жерден түңілме.

9. Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар.

10. Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі.

11. Тізерлеп жүріп күнелткеннен,
            Тік жүріп өлген артық.

12. Қорқақтың қатыны болғанша,
            Батырдың жесірі бол.

13. Ерліктің шарты - өзіне сенгендік.

14. Шапшаң жүргенге шаң жұқпас.

15. Шын орақшы орақ таңдамайды,
           Шын батыр құрал таңдамайды.

16. Қара бет болып қашқаннан,
            Қайрат көрсетіп өлген артық.

17. Айлалы батыр алдырмас.

18. Ер жігітке өлім бар да, қорлық жоқ.

19. Ер жігіт үйде туып түзде өлер.

20. Ерлік өлім - ерді көбейтеді.

21. Ер сасқанда белгілі, ат шапқанда белгілі.

22. Алыс жол атты сынайды,
           Ауыр жол ерді сынайды.

23. Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені.

24. Батырга таяқ та - жарақ.

25. Үйде шешен - дауға жоқ,
           Үйде батыр - жауға жоқ.

26. Отызыңда орда бұзбасаң,
           Қырқыңда қырып келдім дегеніңе ешкім сенбейді.

27. Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме.

28. Алыссаң атаң да болса жық.

29. Жалғыз атты жарыстан қалмас.

30. Жығылсаң, нардан жығыл.

31. Атың арық болса, бір шап,
           Отының аз болса, бір жақ.

32. Ат басына күн туса, ауыздығымен су ішер.
           Ер басына күн туса, етігімен су кешер.

33. Жау жоқта батыр көп, дау жоқта ақыл көп.

34. Отқа салып ерітсең де, алтын сірә жез болмас,
           Аяққа шұлғау қылсаң да, асыл жібек без болмас.

35. Батырдың атын жау шығарады,
          Шешеннің атын дау шығарады.

36. Жауға жалынба, досқа тарылма.

37. Тәуекел ет те, тас жұт,
           Ажал жетпей өлмек жоқ.

38. Бас жарылса, бөрік ішінде,
           Қол сынса, жең ішінде.

39. Табақ тамағымен жарасты,
           Батыр жарағымен жарасты.

40. Батырлық айқаста танылар.

41. Шешінген судан тайынбас.

42. Қашпақ болсаң, зымыра.

43. Тәуекелсіз іс бітпейді,
           Тәуекел етпеген арықтан өтпейді.

44. Ер жолдасы - тәуекел.

45. Ерлік көрсеткенге оқ та дарымас.

46. Өжет өлімнен қаймықпас.

47. Күш батылдыққа ереді.

48. Батыл болсаң, батыр да боласың.

49. Тәуекел тау жығады.

50. Тәуекелдің кемесі суға батпайды.
Керемет жауап! Жақсы мақалдар! Хехе...) Miss 2012  деген сіз емессіз бе, Айсара?!
Мен Айсараның досымын!
Мөлдір бұрын Miss 2012мен кірдім,бірақ қазір бір досыма сол сайтымды беріп қойдым,екі сайтпен кіріп жүргенше деп,сол сайтты беріп қойдым кіре бер деп!
Ааа...түсінікті) мейірімді жан екенсіз) қателескенім қандай өкінішті)
өте көп емес
...