+10 дауыс
736 көрілді

22 жауап

+17 дауыс
 
Жақсы жауап
Шіркін болса ғой....  егер болғанда,онда мен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмір сүрген кезеңіне түсер едім..

Ал түстіңіз дейік; бірақ сіз тілді білмейсіз ғой. Ал пайғамбарды (с.а.у.) көрсеңіз не істер едіңіз7

шынымен тусу мүмкіндігі келсе,арабша сөздігімді бірге ала кетер едім жане пайгамбарды(с.а.у) көрген уақытта ол кісіден барынша үлгі алар едім,
ол кісінің мінезі сондай көркем болған,аузыннан шыққан сөздерінен,хадис шарифтері...
Ия, 622 жылға
+16 дауыс
Мен көне түрік дәуіріне түсер едім. Ең бастысы түрік тілді зертейтін едім. Бірақ оншалықты қатты өзгерісте болды деп ойламаймын.
+15 дауыс
Мен осы мезгілде қалар едім, себебі бұрынғы кезең тарих ретінде оқысаң ғана қызық болады да, мүмкін онда өмір сүру қиын болатын шығар, ол кездің тілі де өмір сүру деңгейі біздің кезімізден әлдеқайда өзге емес пе?!
Ал егерде уақытша ғана болсаңыз ше7  Айтайық бір апта...

angelБір апта болса, онда мен ҚАЗАҚ хандығының жеке ел болуы кезеңіне түсер едім, жаз жайлауға көшер кезінде жастардың ойын сауығын көріп, алтыбақаннның қандай болуы керек екенін көрер едім....wink

+15 дауыс
XV ғасыр. Тұманды Альбион елі. Рыцар болғым келеді..
+16 дауыс

Соңғы пайғамбардың дәуірін таңдар едім.

+15 дауыс
Болашақ Қазақ елін бір көрер ем. Сосын Жоңғармен соғысқа, болмаса Біржан салдың заманынан бір-ақ шығар ем. Уақыт мәшинесі туралы фильмдерді көп көремін.
+15 дауыс
мен бұрынғы қазақтың жазда жайлауға қыста қыстауға көшіп қонып қыз жігіттер ерекше ойын сауық құрып барлығы әдеміде табиғи болған кезге тусер едім алтыбақан тебіп, жайлау,қыстау деген жерлерді оз кәзіммен көргенге не жетсін шіркін...............
+13 дауыс
ияя Біржан салдың заманына барса болады, бірақ мен көп алысқа кетпей-ақ былтырғы жылдың қараша айына барар едім
+13 дауыс
Ал мен ең алғаш адамдар пайда болған кездегі уақытқа түсер едім. Оларға болашақты айтып берер едім. ымдап болсада. :)))
+13 дауыс
мен болашаққа барар едім! 23-ғасырға!
......................................................
+9 дауыс
Мен де болашаққа барар едім. 2030 жылға барар едім!!
+10 дауыс
Ал мен акем тiрi кезге барар едiм. Онда акеме деген бар махаббатымды айтыр едiм. Парккре, конакка, Астанага бiрге барып кыдырганымыз алi де есiмде кандай бакытты болдык сол кезде))))
+8 дауыс
Мені 1 аптага жіберер болса, Пирамидаларды салыпжаткан кезге түсер едім да құрылысын толық зерттеп келип пайдасы мен зиянын айтып келер едім.. Өте тамаша ой болар еді.
+7 дауыс
Балалық шағымды сағынамын.1-2 күнге барып қайтсам ғоо,әттең тонның келтесі ай,арман ғоо...
+8 дауыс
2006 жылдың жазына немесе күзіне оралар едім, және Жантуғанға бір неше ақыл айтар едім... =))
...