0 дауыс
1.7k көрілді
Жалпы осы шәйдің бізге деген пайдасы мен зиянын білгім келеді. Шәйді тамақтан алдын немесе кеш ішу керекпа? Қанша уақыт откеннен кейін ішу керек? Біреулерден естігенім шәйді тамақтан кейін ішуге болмайды дейді, ал біреулер шәй тамақты қорытуға көмектеседі дейді. Ал су ше? Су жайлы білгеніңіз болса жауап қалдыруларыңызды сұранамын.

5 жауап

+1 дауыс
ШӘЙ  ДЕГЕН  ҚАЗАҚТЫҢ СУЫ ГООО
Сөйтіп ?        Толықтыра түссең...жақсы бастадың...?!
Түсінбідім???
Шәй қазақтың суы емес. Шәй үндістердің сусыны.
0 дауыс
*Шәйді жалпы тамақтан кейін ішкен дұрыс.!Халық айтса қалып айтпайды деген бар.!Әркім әр түрлі айтады, бәріне бірдей сенсеңіз не болады... Ал суды міндетті түрде ішу керек.!Әр адам күніне 1 немесе 2 литр су ішпесе денсаулыққа зиян.!*
Түсінікті . Рахмет
+2 дауыс
Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса тіршілік тамам бауырым
Судың біздер біле тұра маңызын,
Көп болған соң ұмытамыз қадірін.
 

 
Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% - ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ын, ал оттегінің 50% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді.
Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Мысалы, Аляскада 1 адамға 2 миллион м3, Жаңа Зеландияда 100 мың м3, бұрыңғы Кеңестер Одағында 18,3 мың м3, ал Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3-ге жетті. [2]

Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы жыл сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды сулары шаруашылықта мардымсыз болса да қолданылып жүр. Біздің республикамызда су тұщытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне 12-18 литр су пайдаланса, XX ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы орта есеппен 200-400 литрге жетіп отыр.
+2 дауыс
Шай зиянды, тамақтан кейін ішсек, тамақтағы витаминдердің ағзаға сіңуіне кедергі жасайды деп естігем. Яғни, шайды тамақпен қосып емес, тамақ ішкен соң жарты сағаттан кейін ішу керек. Біздің қазакем дұрыс істеген ғой, ет жейді, сосын аздан соң шай ішеді))) Су. Суды тамақтың алдынан ішсе салмақ азайтуға, немесе семірудің алдын алуға көмектеседі дейді дәрігерлер. Сосын, тамақтан кейін, немесе тамақтың үстінде ішуге болмайды екен, тамақтағы майларды қатырып тастайды дейді.
 (газетен, аннан-мыннан, медициналық брошюраларды оқығаннан есімде қалғаны)
үлкен - үлкен рахмет сізге.
+1 дауыс
Біз шәйді тамақтан кейін 30мин.тан кейін ішеміз. Негізі шәйді сүтсіз ішкен дұрыс сияқты. өйткені сүт шәйдің құрамын өзгертіп жібереді. Сүт бұл жерде тек шәйдің дәмін келтіруші ғана болып тұр. Өзім шәйді сүтсіз, қантсыз ішемі. тек шәйдің өзі адамға біраз дәрумен береді. Ал суды шәйдің орнына ішкен ол да дұрыс, бірақ кешкі уақытта. өйткені шәй кешкісін ұйқыны қашыруы мүмкін. шәйіңіз дәмді болсын!
сізге де рахмет
...