+1 дауыс
23.3k көрілді
Ұлт азаттық көтеріліс туралы эссе қажет?

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
1836—1838 жж. Исатай Тайманов және Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі


Қозғалыс феодалдық қанау мен Россияның отарлау саясатына қарсы ұйымдастырылған болатын. Өзінің дамуында көтеріліс 3 кезеңді бастан кешті: бірінші (1833-36) — дайындық; екінші (1837 ж. басы - 1837 ж. қараша ортасы) - көтеріліс және жеңіліс, үшінші (1837 ж. желтоқсан ортасы - 1838 ж. шілде ортасы) — Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер тобының Оралдың сол жақ жағасына өтуі, күштерді қайта топтастыру, Ақбұлақ өзені жағасындағы ақырғы шайқас.
Қозғалыстың 1-кезеңі төмендегі белгілермен сипатталады: жергілікті билеушілер қарапайым халықтың өмірін шиеленістіріп жіберді, соның салдарынан халықтың наразылығы күшейді; халық жасағын құру жөніндегі жұмыстар белсенді жүргізілді; халықтың наразылығы олардың билер мен сұлтандардың ауылдарына шабуыл жасауынан көрінді.
Ұлттық қозғалыстың негізгі күші көшпелі шаруалар мен қоғамның кедейлерінен тұратын халық тобы болды. Исатай Тайманов бастаған беріш руының ауыддары көтерілістің негізгі ұйымдастырушысы және дем берушісі еді. Көтерілісшілерге ұлт-азаттық қозғалысының идеологтарының біріне айналған, қара халықтың бостандығы үшін күресуші ақын Махамбет Өтемісұлы қосылды. Көтерілістің негізгі идеологиялық және саяси себебі оған катысушылар - шаруалардың әлеуметтік жағдайының мүшкілдігі болды.
1837 ж. көктемде қарулы қозғалыстың негізгі өзегін құрғаннан кейін, көтерілісшілер хан ставкасына белсенді шабуылды бастады. 1837 ж. 15-20 қазанда Исатайдың лагері ханның ставкасынан 60-70 шақырымдағы Теректіқұм шатқалында орналасты. 24 қазанда көтерілісшілер жалпы саны 1500 адамы бар хан ставкасынан 4-8 шақырым жерге келеді, екі аптаға созылған қоршау басталады. Көтерілісшілерге қарсы казак әскерлері, Кулагино, Горск қамалдарының әскери бөлімдері тартылады. Көтерілісшілерді басудың кең көлемді операциялары ұйымдастырылды, олардың шегінетін негізгі жолдарына тосқауыл қойылды. Операцияны полковник Гекке басқарды. Келіссөздерден кейін орданы қоршауға алады, бірақ патша әскері келіссөз шарттарын бұзып, көтерілісшілерге шабуыл жасайды. 1837 ж. 15 қарашада көтерілісшілер қолы Гекке әскерінен жеңіліске ұшырады, шамамен 100 адам қаза болады. Исатай мен Махамбет 1837 ж. желтоқсанда Жаманқала маңында қоршаудан өтіп, Орал жазығына кетеді.
1838 ж. 500 адамдық отряд құрылып, билердің ауылдарына шабуылды қайта жандандырады. 1838 ж. 12 шілдеде Ақбұлақ пен Қиыл аралығында Гекке отряды мен көтерілісшілер арасында шайқас болып, көтерілісшілер талқандалады. Исатай қазаға ұшырайды. Көтеріліс басшысының қазасынан кейін Махамбет кең далада жасырынып жүреді.
0 дауыс
Сонда кімнің көтерілісі нақты айтсаңыз......
0 дауыс
1916ыншы жылғы көтеріліс туралы ма.........................
Жоламан Тіленшіұлы бастаған(яғни 1822-1825) жылдар аралығындағы,немесе,Қасым Абылайұлы және Саржан Қасымұлы бастаған ұлт азаттық көтерілісі жайлы,қайсысы болса да.....
...