+1 дауыс
611 көрілді
Мен өзге ұлтты жiгiттi сүйем,олда менi сүйедi. Жүрiп жүргенiмiзге 5 жылдан асты. Жiгiт өзге ұлт болганымен, Мұсылман және қазакша таза сөйлейдi, қазак мектебiнде оқыған, достарыда қазақ. Үйленейiк десек менiң отбасым қарсы, не iстесем болады, қалай көндiруге болады оларды?

8 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Алтынай, үмітіңдіді үзбе әке өз баласына еш уақытта жамандақ ойламайды,ол кісіні де түсінуге болады. Сен туған күннен бастап небір тәтті ойлармен бақытты болып,сен болашағыңды өзінше жоспарлап сонымен өзінің сені өсіруге,оқытуға, былайша айтқанда адам қылуға жұмсаған өмірінің өтеуі сол болады деп жүрген адам емес пе. Сөйтіп жүргенде сенің шешімің төбесінен тас түскендей болған ғой. Оны қазір түсінуің қиын,кейін бала өсіргенде білесің.Ешқандай әке өз перзентін қарғамайды да,жамандық ойламайды.Тулайды,ашуларады бәрібір жеңіледі,сен жеңесің.Шешеңе айтып әкеңе сөзі өтетін адамдар ағайын,достары сияқты адамдарды араға салып көр.Өз бармағын өзі шауып тастай алмайды,бәрібір көнеді.Бірақ сол керек па,соны тереңден ойлан.Мен әкемін,өмірді көргенмін.Сені танымаймын,"не болсаң,ол бол"-десем де болады. Бірақ олай істей алмағандықтан да сенің өміріңді,келешегіңді ойлап қиналып отырмын. Ертең үй болғанан соң ,өмірге бала келер. Ол бала қазақпын демейді әкесінің ұлтын алады. Кез-келген әке немере десе еджіреп тұрамыз . Әкең немересін көріп жүрегі езіліп,бар мейірін төгіп,кішкене кезіңдегі сені еске алып төбесінен асыра көтеріп кімнің баласысың десе немересі "атамның"-дейді емеспе,сол кезде әкеңнің төбесі көкке жетеді.Оның артынан "Құдай,құдай, қай елсің"- деп сұрайтынымыз тағы бар емес пе,сол кезле немересі: "қытаймын,өзбекпін немесе орыспын"-деп тұрса, жаңа ғана төбесі көкте тұрған әкең жерге кіріп кетпей ме. Сонда оның сені өсірген, жеткізген еңбегінің өтеуі не болғанын,өзіңнің казіргі жеңген жеңісіңнің не нәтиже бергенін сен де түсінесің,бірақ кеш,өте кеш болады. Әкең соны осы бастан ойлап отыр, сондықтан да ол әке. Сен бәрібір жеңесің,әке жеңіледі ішінен қан жылап,бірақ сол керек па,соны ойла.
Сіздің жазғаныңызды оқып, маған айтылып отырғандай күй кештім ғой.  Дұрыс айтасыз қанша жерден ұрысса да ,ата ана баласына жамандық ойламайды ғой.
Керемет жауап екен. Адамды ойландырып жіберді....
Мына ағамыздын жауабы өте тамаша екен, міне нағыз қазақтын әкелері
+1 дауыс
ЕГЕР  ЕКЕУІН  БІР-БІРЛЕРІНДІ  ЖАҚСЫ  КӨРСЕНДЕР МАХАББАТЫН  ҮШІН  КҮРЕС.
0 дауыс
Куресiп-ак жатырмын,бiрак акем менi тындар емес.Тiптен сонгы кезде жiгiтiммен шетел асып кашып кетудi ойлап журмiн...;(
ЕГЕР  КӨНБЕЙ  ЖАТСА,ҚАЙТЕСІҢ  БАСҚА  АМАЛ  ЖОҚ.сОЛАЙ  ІСТЕУГЕ  ТУРА  КЕЛЕДІ
0 дауыс
ммм. Қатырған екенсің. Әкең қарсы болса, әуре болма дейін. Менде қарсы болар едім. Басқа ұлт өкіліне шығайын деп жатса. Себебі олар біз мына қазақ  әлемдегі ең қаны таза халықпыз. Соны пайдаланып кететін теріс пиғылдылар бар.
0 дауыс
егер акен карсы болса, коюына тура келедi. себебi аке каргысы ок деген. Нала болса омiр бойы бакытсыз отесiн.
Ия,айтуга онай арине.Бiрак мен онымен карым-катынасымызды коялмаймын,1-ден, мен оны катты суйем.2-ден,5 жыл аз уакыт емес.Осы 5 жыл бойына куанганымда да,мунайганымда да жанымда табылган.Ол жайлы естелiктер де оте коп...
0 дауыс
Әрқашанда жүрегіңіздің үнін тындаңыз!Ата-анаңызға сол адаммен бақытты болатыңызды дәлелдеңіз!
0 дауыс
Ғаламторға адам не үшін кіріп сұрақ қояды, жанындағы достары мен туған-туысы түсінбегесін, жанашыр таппағасын, жүрегіндегі жарасын осы жерге ақтарады. Ал бұл жерде талай көзқарасты адам отырады. Сондықтан олардың айтқандарының бәрін ақ деп қабыл алып тыңдай беруге де болмас. (Әрине, тұшымды ақыл айтатын ағалар мен апалар кездесіп жатады). Сізге айтарым, маман кеңесіне құлақ түріңіз. Ол үшін мешіттегі білікті имамға, не болмаса психологқа жүгініңіз. Онда тұрған ештеңе жоқ. Қазақтар психологқа баруға ұялады деп жатыр дәрігерлер. Олардан кеңес алатын адамға ақыл-есі ауысқан деп қарайтындар бар дейді. Ал шетелде психологтың көмегіне жүгіну қалыпты жағдай. Олар ондай адамды өз проблемасына бей-жай қарамай, нағыз маманның ақылын алады деп түсінеді. Өз басым психологқа барып көрген емеспін, бірақ бір тығырыққа тірелер болсам, міндетті түрде барамын деп ойлаймын. Бірақ, өз кеңесім де жоқ емес. Қалай болған күнде де ата-анаңызды ренжітуге қақыңыз жоқ! Осыны есте сақтаңыз!
Массагетте "Керім"- деген бір ақын қыз бар еді,пікіріңіз оңды екен.
0 дауыс
Әке шешеңе айт егер мен өзім жақсы көретін адамыммен бақытты болмасам басқа біреумен босқа ..........................................

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
8 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
...